01 Қыркүйек, 2015

Қостанайда қалалықтарға пәтер кілті табыс етілді (фото)

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01.09.2015 QOS-10ҚОСТАНАЙ. 1 қыркүйек. Еліміз Конституциясының 20 жылдық мерекесі қарсаңында қала тұрғындары баспаналы болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 01.09.2015 QOS-11Еліміз Конституциясының 20 жылдық мерекесіне орай облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов қаланың 20 тұрғынына пәтер кілтін тапсырды. Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов: «Бүгінгі дағдарысқа қарамастан Қазақстан экономикалық жағынан дамып келеді. Көптеген кәсіпорындар ашылып, жұмыс орындары құрылып жатыр. 01.09.2015 QOS-12Елімізде «Қол жетімді баспана» бағдарламасының жүзеге асып жатқанына біршама уақыт болды. Оны жүзеге асыруды Қазақстанның ипотекалық компаниясы қолға алған болатын. Үйдің құрылысын жүргізген «БК Строй» құрылыс компаниясының тындырымды жұмыс арының арқасында дәрігерлер, мұғалімдер, басқа да әлеуметтік аз қорғалған  тұрғындар баспаналы болып отыр. Қостанайда биыл 91 адам бас пана алатын болады», деді. Облыс әкімінің қолынан кілт алған мұғалім Гүлжауһар Ноктың да қуанышында шек болмады. 01.09.2015 QOS-15Гүлжауһар Нок: «Мен қалада он жылдан бері пәтер кезегінде тұрдым.  Осы жылдар ішінде пәтер жалдадық. Бала оқыттым, қиындықты көрдік. Енді міне өзіме пәтер алдым, осы әлеуметтік бағдарламаны жасаған Елбасына, мемлекетіміздің саясатына рахмет айтамын», деді. Онымен бірге пәтер кілтін алғандардың ішінде екі жетім бала, әскери қызметкерлер, бюджеттік мекемелер қызметкерлері, толық емес отбасылар да болды. Сол күні Қостанай қаласының әк імі Ахметжан Ахметбеков Арман тұрғын үй кешеніндегі 211-ші үйден тағы да 40 қочстанайлыққа пәтер кілтін тапсырды.  Жылдың аяғына дейін барлығы 91 қостанайлық пәтерге ие болады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz