ҚОСТАНАЙ. 23 мамыр. Қостанай облыстық прокуратурасында өткен баспасөз мәслихатында басқарма бастығы Асқар Сыздықов Амангелді ауданындағы ақбөкендер қырылған аймақтан шар секілді домалақ зат табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы ng.kz сайтына сілтеме жасап, egemen.kz тілшісі хабарлады.
Прокурор Асқар Сыздықов: «Шар секілді заттың табылғаны рас. Диаметрі 60 см. Бірақ сараптау қорытындысы көрсеткендей, онда ешқандай жоғары радиация байқалмаған. Шар қазір Аманкелді аудандық әкімдігіне жеткізілді. Бұл ғарыш кемесінің бір бөлшегі болуы мүмкін», – деді.
Мәслихат барысында бүгінге дейін Амангелді ауданында 40 мыңнан аса өлексе жиналып, жойылғаны белгілі болды. Төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары әлі жалғасуда. Жергілікті тұрғындарға ақбөкендер қырылған өңірге мал жаюға рұқсат берілген жоқ. Дала жануарының қырылуына байланысты Амангелді аудандық ішкі істер бөлімінде сотқа дейінгі тексеру-тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің және табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері жұмыс істеуде.
Алдын ала деректер бойынша, бұл апатқа пастереллез ауруы себеп деген болжам айтылуда. Қозғалған қылмыстық істің шешімі сынамаларды сараптаушылардың соңғы қорытындысына байланысты болады.
Асқар Сыздықов журналистерге өлекселердің қалай жойылып жатқандығын айтып берді. Сондай-ақ, ол «өлген ақбөкендердің мүйізін кесіп алып жатыр» деген алып-қашпа әңгімеге қатысты түсініктеме берді. Бұл жөнінде прокурор: «Ондай әңгімелердің бар екені рс. Қазір жұмыс істеп жатқан арнайы комиссия соншалықты ашкөздікке жол бермейді. Оның үстіне, өлген киіктер текесі емес, ылғи ешкісі мен жаңа туған құралайлары», – деді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше