01 Қыркүйек, 2015

Қостанайда қылмыстың алдын алудың шаралары жасалуда (фото)

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01.09.2015 QOS-20ҚОСТАНАЙ. 1 қыркүйек.  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы обылстық филиалының басшылығы келісіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрғындардар арасында ағарту шараларын ойластырды. Бұл туралы   egemen.kz тілшісі хабарлады. 01.09.2015 QOS-21Бес институционалды реформаны жүзеге асыру жолындағы «100 нақты қадамда» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту туралы айтылған болатын. Бұл қоғам дертіне күрестің ең тиімді түрінің бірі оның алдын алу, заңнамалық ағарту жұмыстары болып табылады.  Бұл орайда Қостанай облыстық қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызу іске кірісті. 01.09.2015 QOS-23Департамент пен «Қазпошта» арасындағы келісім аясында сыбайластыққа қарсы бірнеше шаралар ұйымдастырылатын болды. Жергілікті жердердегі азаматтардың құқы мен заңдық мүдделері тапталмау үшін «Қазпошта» акционерлік қоғамы мерзімді басылымдардың арасына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мекен жайы, телефондары (Call-center – 1494, информационный портал - 1494.kz, сайт -www.anticorruptionkst.kz, тел.8-7142-914-222, WhatsApp: +7-707-122-1494, Skype -DADGSPK1494) көрсетілген парақшалар қосып салатын болды. Ол облыстағы 226 пошта бөлімшелерінің барлығына таратылады. 01.09.2015 QOS-24«Қазпошта» акционерлк қоғамы облыстық филиалы басшысының міндетін атқарушы Шындаулет Молдахметов: «Мұндай парақшалардың таратылуы тұрғындардың құқықтық сауатын көтеруге ықпал етеді және ол алдағы уақытта ырғақты жүргізілетін болады», деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz