06 Шілде, 2015

Голландияда студенттер күн батареясымен жүретін автомобиль жасады (фото)

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06-07-2015-small-stella-lux-1АСТАНА. 6 шілде. Голландтық студенттер Эйндховен университеті жанынан күн батареяларымен жүретін отбасылық автомобиль жасап шықты. Бұл туралы zele.ru хабарлады. Күннен қуат алатын көлік Stella Lux деп аталады. Инновациялық техника 4 адамға лайықталған. Студенттер бұл автокөлікті осы жылдың қыркүйегінде Австралияда өтетін World Solar Challenge жарысына қатыстыруды жоспарлап отыр. Айта кетейік, автомобиль сағатына 125 шақырымды жоғарғы жылдамдықпен жүріп өтеді. Қорабы көмір талшығынан және алюминийден жасалған. Салмағы 375 килоны құрайды. Бұл көлікті өнертапқыштар бұған дейін құрастырылған Stella автомобилінің базасында жасаған. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: zele.ru. 06-07-2015 small-stella-lux-3 06-07-2015- small-stella-lux-4 06-07-2015-small-stella-lux-2