АСТАНА. 6 шілде. Францияда велоспорттан атақты «Тур де Франс» көпкүндігі өтуде. Бүгінге дейін жарыстың екі кезеңі аяқталды. Соның қорытындысы бойынша әзірге Trek велокомандасының өкілі, швейцариялық Фабиан Канчеллара көш бастап келеді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Алғашқы кезеңде спортшылар жекелей жарыста бақ сынады. Бұл сайыста Австралия спортшысы Роан Деннис топ жарды. Ол 13,8 шақырымға созылған сөре мен мәре арасын 14 минут 56 секундта жүріп өтті.
Ал екінші кезеңде қатысушылар 166 шақырымға созылған Утрехт пен Нельте Янс қалалары арасын жүріп өтті. Бұл жолы Lotto велокомандасының өкілі, неміс спортшысы Андре Грайпельдің мерейі үстем болды. Оның көрсеткен нәтижесі 3 сағат 29 минут 03 секундты құрады. Словакия сенім артқан Петер Саган (Tinkoff-Saxo) мәре сызығын екінші болып қиса, Ф.Канчеллара үздік үштікті түйіндеді.
Бүгін велоспортшылар үшінші кезең үшін жарыс жолына шығады. Антверпен мен Мюр-де-Юи арасын жалғайтын бұл кезең 159,5 шақырымнан тұрады.
Аталған додаға Қазақстанның Astana pro team кәсіби велокомандасы да қатысуда. Әзірге командамыздың сапынан үздік көрсеткіш капитан Винченцо Нибалиге тиесілі. Жалпы есепте 33-орында тұрған ол көш басындағы Канчелларадан 2 минут 9 секундқа қалып келеді.
Отандық команданың құрамында Нибалиден бөлек, Ларс Бум, Льюве Вестра (екеуі де – Нидерланды), Якоб Фульсанг (Дания), Андрей Гривко (Украина), Танел Кангерт, Рейн Таарамяэ (екеуі де – Эстония), Микеле Скарпони (Италия) және Дмитрий Груздев (Қазақстан) бар.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: letour.fr.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше