Бұл ұжым өздерінің келешегін Елбасымен тығыз байланыстырады деуге болады. Өйткені, 70 жылдан бері жанар-жағармай түрлерін шығаратын зауыттың технологиясы ескіріп, әлсін-әлсін тоқтауға мәжбүр болған кезінде Елбасының қолдауын сезінді. Олай дейтініміз, жаңа мыңжылдықтың тоғысында Жапонияға ресми сапармен барған Нұрсұлтан Назарбаев дәл осы зауытты жаңғырту үшін сол елдің инвестициясын тартуға уағда жасады. Содан бері бұл зауыттың екінші тынысы ашылып, жаңаруға ұласқан жаңғыртулар әлі де жалғасын табуда.
Байырғы кәсіпорынның келешегіне тың серпін берген сол бір қолдауды зауыттың әр мүшесі әлі күнге айтып жүреді. Өйткені, зауыттың технологиясы жаңарып, өнімнің сапасы артты. Мұнда шығарылатын жанар-жағармайлар экологияға қауіп төндірмейді. Зауыттың бас директоры Қайрат Оразбаевтың айтуынша, кәсіпорында 2012 жылы мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында қайта жаңғыртудың үшінші кезеңі басталған. Қазір мұнда бәсекеге қабілетті өнім өндіріледі, жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі. Зауыт қызметкерлері заманауи қондырғыларда жұмыс істейді. Елімізде қабылданған бағдарламалардың арқасында зауыттың мұнай өңдеушілері де ел экономикасының дамуына, мұнай өңдеу саласының өркендеуіне өз үлесін қосып келеді.
Оның пікірінше, зауыттың жетістікке жетуіне Елбасының отандық өндірістерді өркендетуге баса мән беруі оң ықпалын тигізіп отыр. «Нұр Отан» партиясының VI съезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылуының басты себебіне тоқталар болсам, алдымен мұны еліміздегі саяси тұрақтылық пен экономикалық өсімнің сақталуымен байланыстырамын. Біз «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында көрініс тапқан Жаңа Экономикалық Саясаттың өз жемісін беріп, еліміздегі экономикалық өркендеудің сақталуы үшін, әлемдік сын-қатерлерге төтеп беру үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың Президент болып сайланғанын қалаймыз. Сондықтан біздің ұжым Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасына қолдау білдіреді», деді Қ.Оразбаев.
Зауыттың әр мүшесі Елбасының кандидатурасын қолдаған лебізін білдірді. Мәселен, зауыт механигі Юрий Кустадинчевтің айтуынша, әсіресе, жастар мемлекеттің қолдауын айқын сезініп отыр. «Біздің елімізде жастар үшін барлық жағдай жасалған. Елбасының қолдауымен «Болашақ» халықаралық бағдарламасы шеңберінде менің замандастарым шетелдердің танымал оқу орындарында білімдерін жетілдіріп, экономиканың әр саласында табысты еңбек етуде. Мемлекеттік қызметте басқармаларды басқарып, ірі кәсіпорындарда менеджерлікті игеруде. Демек, біздің елімізде жастардың біліміне, келешегіне сенім білдіріліп отыр», деді ол.
Ал орталық зертхана басшысының орынбасары Ақмарал Ғұсманова: «Біз елдің болашағын Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырамыз. Өйткені, бізде өндіріс өркендеп, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Бір сөзбен түйіндегенде, көйлегіміз – көк, тамағымыз – тоқ, заманымыз – тыныш. Бізге бұдан артық ештеңе керек емес», деген ойымен бөліссе, оператор Өмірхан Жақсығалиев: «Біздің зауыттың алдында үлкен келешек тұр. Мұндай келешек экономиканың әр саласында бар. Мұның бәріне Нұрсұлтан Назарбаев негіз қалап берді. Менің замандастарым да Елбасының Қазақстанды қуатты елге айналдыру мақсатын іске асыруды жалғастырғанын қалайды», деді.
Атыраудағы мұнай өңдеушілер осылайша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасына бірауыздан қолдау білдірді.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.
Суретті түсірген
Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Алматыда аялдамада зейнеткерді соққыға жыққан ер адам ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:58
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 09:54
Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Қазақстанда соңғы бес жылда ана өлімі 35%-ға төмендеді
Медицина • Бүгін, 09:40
Жамбыл облысында 39 жылқыны ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 09:30
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:28
Әр текше метрдегі сенімділік: «Интергаз Орталық Азия» АҚ қыс сынағынан сүрінбей өтті
Сұхбат • Бүгін, 09:20
Аида Балаева Нұржас Садырбаевты халықаралық жобадағы жеңісімен құттықтады
Мәдениет • Бүгін, 09:17
Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше