06 Шілде, 2015

Қарағандыда күшті жел ағаштарды құлатты

1 мин
оқу үшін
06-07-2015-Tal kuladyҚАРАҒАНДЫ. 6 шілде. Қарағанды қаласында күшті дауыл тұрып, ағаштарды құлатып, жұртты әбігерге салды. Бұл туралы eKaraganda порталы хабарлады. Облыс орталығындағы «Луговая» аялдамасының маңында күшті желдің екпініне шыдамаған тал түбірімен қопарылып, «Мерседес» автокөлігін басып қалды. Сондай-ақ, Степной-3 шағын ауданында, Бейбітшілік гүлзары және Ержанов көшелерінде ағаштардың ірі бұтақтары сынып, жерге құлап түсті. Әбүйір болғанда, жарақат алған адам жоқ. Қайрат Әбілдинов. Дерек: eKaraganda. Сурет: m.khabar.kz.
Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44