Шығыс өңірінде мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер арасында сән көрсетілімі өтті. Көрсетілімде 9 эксклюзивті модель ұсынылды. Олардың ішінде кеңсе мен арнайы кештерге және күнделікті киюге арналған киімдер бар. Ұйымдастырушылар дизайнерлердің киімдерді мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықтап, арнайы тіккенін айтады.
Сән көрсетілімі халықаралық мүгедектер күніне орай «Кедергісіз келешек» жобасының шеңберінде ұйымдастырылды. Шара барысында модельдер мерекелік кештер мен ресми кездесулерге арналған киімдер легін ұсынды. Арнайы аяқкиімдер Өскемен қаласындағы протездік-ортопедиялық орталықтың қолдауымен көрсетілімнің әр қатысушына жеке тігілген екен.
Бұл кешке 30 көпбалалы ана шақырылып, оларға «Райская птица» сұлулық және денсаулық орталығының қызметін тегін пайдалануға арналған абонементтік карточкалар сыйға тартылды. Сонымен бірге, аталған шараға Өскемен, Риддер қалалары мен Ұлан, Глубокое, Зайсан, Шемонайха, Бесқарағай аудандарынан келген 73 мүмкіндігі шектеулі бүлдіршін қатысты. Кеш соңында оларға облыстық драма театры әртістерінің қатысуымен «Кот в сапогах» атты балалар спектаклі қойылды. Айта кеткен абзал, аталған шараны облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ұйымдастырды.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55