Биылғы оқу жылында еліміз бойынша 7,5 мың мектеп 2 млн. 600 мыңнан астам оқушыны қабылдаса, олардың 336 мыңы мектеп табалдырығын алғаш аттайтын 1-сыныптың балалары. Яғни, жыл сайын бірінші сыныпқа баратын балалар саны артып келе жатқандықтан үш ауысымдағы және апатты мектептер проблемасын шешу кезек күттірмейтін мәселе болып қалуда. Осыған орай, биыл 157 мектеп пайдалануға беріліп, үш ауысымда оқытатын мектептер азайып келеді екен. Сонымен қатар, апатты мектептер саны екі есеге азайып, 136-дан 66 қалыпты. 2017 жылдың соңына қарай осы проблеманы толықтай шешу жоспарланып отыр. Мұнымен қоса, 8700 мектепке дейінгі ұйымға 760 мың бала барып, жыл соңына дейін 10 мың орындық 40 балабақша іске қосылмақ. Күрделі жөндеу шаралары 250 мектепті қамтыпты. Ал ағымдағы жөндеу жұмыстары 5 мыңнан астам мектепте жүргізіліпті. Оқулықтарға биыл 12,5 млрд. теңге бөлініпті. Бүгінде барлық өңірлер оқулықтармен толықтай қамтамасыз етілген көрінеді. Ұлт жоспарындағы 76-шы қадам аясында материалдық-техникалық базаны жаңартуға және мұғалімдерді ынталандыруға баса назар аударылып, 96 мектепке гранттарды тағайындау жүйесін жетілдіру қарастырылған.
Қазақстанның барлық мектептерінде 2015 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бірыңғай білім сабағы, 1-4-ші сыныптарда «Менің Отаным – Қазақстан», 5-8-ші сыныптарда «Қазақ халқының ерліктері», 9-11-ші сыныптарда «Мәңгілік ел: бір ел – бір тағдыр» атты тақырыптарда арнайы сабақтар өткізілгенін айта кетсек дейміз.
Дарынды балаларға арналған № 81 жаңа гимназиядағы алғашқы сөз:
«Мектеп деген – мәңгіліктің жыр кені,
Мектеп деген – ғылымның асқақ желкені,
Мектеп деген – тұғыры биік ақ орда,
Балалардың қасиетті мекені» – деп басталып, министрдің құттықтау сөзінен кейін гимназия директоры Гүлнар Садықова мектеп жөнінде мағлұмат бере отырып, бүлдіршіндерге құтты қадам тіледі. «Astana English School» № 81 гимназиясы 1200 орынға есептелген, мектептің жалпы ауданы 11766 шаршы метрді құрап, онда барлығы 54 бөлме, оның 2 мультимедиялық, акт залы, кітапхана, ағаш, металл және матаны өңдеу шеберханалары орналасыпты. Шара барысында министр Аслан Сәрінжіпов пен Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев алғашқы қоңырау мерекесіне арналған Елбасымыздың «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітабын 1-сынып бүлдіршіндеріне табыс етті. Кітап туралы Астана қалалық бiлiм басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева: «Биыл Қазақстан бойынша 1-сынып оқушылары Президенттің өзінен үлкен сый алды. «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы – бұл Мемлекет басшысының бүлдіршіндерге жасаған тамаша сыйы. Елбасы Н.Назарбаев кітапқа туған жеріміздің тамаша табиғатын, Отанды сүюге деген перзенттік парыз туралы ең таңдамалы ойларын жазған. «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы қосымша әдебиет. Әрине, Қазақстанның бүкіл қазба байлығы мен тарихын бір кітапқа сыйдыру мүмкін емес. Сондықтан, Елбасы өзі таңдап кітапқа туған жеріміздің тамаша табиғатын, Отанға деген перзенттік парыз туралы ең таңдамалы ойларын жазған. Енді бұл кітап жыл сайын таратылып отырады. Айта кетейік, бүгін Астана қаласы бойынша қатарынан үш жаңа мектеп ашылды. Ал, жыл соңына дейін елорда оқушылары үшін тағы екі мектеп ашылмақ. Бір мектеп таза қазақ тілінде сабақ береді, екінші мектеп аралас мектеп және бүгін ашылған мектеп – қазақ тілі мен ағылшын тілінен қатар сабақ береді. Қала басшылығы көші-қон легі мен бала туу көрсеткішін есепке ала отырып, шаһардың қай ауданында қанша мектеп салу керектігін жоспарлап отырады», – деді.
Министр өз сөзінде ұстаздар қауымына алдағы уақыттарда жалақыларының 50 пайызға дейін өсетінін айтып сүйінші сұрады.
Содан соң арнайы шақырылған қонақтар жаңа гимназия ғимаратымен танысып, 5-сынып оқушыларының ағылшын тілінде өткен интерактивті сабағына, 7-сыныпқа арналған ағылшын тілінде өткен «Қазақстан жолы: 5 реформа және 100 қадам» тақырыбындағы сынып сағатына, 6-сыныпқа арналған биология сабағына және «ЭКСПО-2017 – болашаққа сенімді қадам» тақырыбындағы ағылшын тілі сабағына қатысты.
Сондай-ақ, кеше «100 мектеп – 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2007 жылы пайдалануға берілген Астанадағы № 58 орта мектептің де алғашқы қоңырауында болып, Елбасының «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітабын 1-сынып бүлдіршіндеріне табыс ету шарасының куәсі болдық.
Берік САДЫР,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген
Орынбай БАЛМҰРАТ.

Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді
Президент • Бүгін, 16:08
@TazaQazBot – тазалық жолындағы тиімді тетік: 24 мыңнан астам мәселе шешімін тапты
Экология • Бүгін, 15:59
Президент Қазақстан құрамасын Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:23
Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:10
Президент: Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп, оны елімізде және шетелде кеңінен дәріптеуіміз керек
Президент • Бүгін, 14:51
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:48
Тоқаев: Заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады
Президент • Бүгін, 14:33
Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 14:20