Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахмановты қабылдады.
Елбасымыздың «Сыр – Алаштың анасы» деген сөзі баршаға белгілі. Мағжан ақынның «Көп түрік енші алысып тарасқанда, Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?» дейтін жыр жолдарындағы орасан оқиғалар Сыр бойында өткен. Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл Қорқыт Ата бейітінің осында екендігі де көп жайды аңғартады. Әр қазақтың Сыр елінен жететін жаңалықтарға құлақ түре жүретіні де сондықтан.
Шүкіршілік, соңғы жылдарда Қызылорда облысының өмірінде айтатын да, жазатын да, көрсететін де жақсы жаңалықтар көбейіп келеді. Бас басылым басшысы С.Абдрахманов облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен әңгіменің басында Қызылорданың келбеті көркейе түскенін, жеке сектордағы тұрғын үйлердің аумағы да, айшығы да халықтың әл-ауқаты анағұрлым артқанын аңғартатынын разылықпен айтып өтті. Облыс әкімі өңірдегі өркенді өзгерістер бір жағынан экономиканы әртараптандырудың, екінші жағынан инвесторлармен жемісті жұмыстың нәтижесі екеніне назар аударды. Еуропа Қайта құру және Даму банкімен 75 миллиард теңгеге, Азия Даму банкімен 171 миллиард теңгеге шарт жасалып, олардың бәрі де инфрақұрылымдық жобаларға бағытталып отыр. «Жол төселіп, су тартылып, газ жеткізілсе болды, қалған шаруа халықтың өзінен-ақ артылмайды, адамға мүмкіндік берілгеннен кейін-ақ жеке құрылыс тоқтаусыз дами береді, оның бәрі айналып келгенде құрылыс материалдарының өнеркәсібіне де, жұртты жұмыспен қамтуға да, ел тұрмысын түзеуге де тікелей әсер етеді», деді Қырымбек Елеуұлы. Газет басшысы іссапарға шығардың алдында тиісті орындардан қажетті мәліметтер алдырғанын, сонда соңғы екі жарым жылдың ішінде Қызылорда облысының бюджеті 2 есе өскеніне таңданғанын жасырған жоқ. Иә, Сыр өңірінде экономиканы әртараптандыру ерекше нәтиже беруде. Мысалы, кейінгі екі жарым жыл ішінде мұнда өңдеу өнеркәсібінің көлемі 76 пайызға артқан, бұл көрсеткіш бойынша Сыр бойы ел көшін бастап келеді. Құрылыс қарқыны тіпті ерен. Үй салу облыс бойынша 3,5 есе өскен, ал Қызылорданың өзінде… 8 есе артқан! Мал басы да көбейіп келеді. Биыл Сыр бойындағы төрт түліктің саны облыстың 1990 жылғы көрсеткіші деңгейіне теңесті. Ал 1990 жыл – негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысатын осы облыстың Ленин орденін алған жылы.
Қырымбек Көшербаев облыс экономикасының жаңа бағыттары болып табылатын ферроқорытпа зауыты, шыны зауыты, Шалқиядағы тау-кен зауыты сияқты ірі кәсіпорындардың мүмкіндігі жөнінде әңгімеледі. Рухани даму бағытында да іргелі істер атқарылуда. Айтқандай, осы күндері облыстың Шиелі, Жалағаш, Қармақшы аудандарын аралаған С.Абдрахманов сәулет өнерінің айрықша үлгісі болып табылатын Қорқыт Ата ескерткіші түбегейлі жаңартылғанына разылық білдірді.
Сыр бойындағы соны серпіліс қай салада да келісті көрініп отыр. Халқының саны 675 мыңнан ғана асатын облыста елдің бас газетін жазылып алдырушылардың қатары келер жылы 22 мың данаға жетеді деген болжамның нық сеніммен айтылғаны да сондықтан.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген
Бағдат ЕСЖАНОВ.
Қызылорда облысы.

Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15