Қазақстанның Германиядағы елшісі Болат Нүсіпов Бундестаг сыртқы істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Норберт Реттгенмен кездесу өткізді. Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, БҰҰ шеңберінде көпжақты ынтымақтастықты кеңейту және екі елдің парламенттік дипломатиясын әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды.
Қазақстандық дипломат неміс депутатын Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өтініміне негіз болған мәселелер мен БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші мерейтойлық сессиясы шеңберінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөйлеген сыртқы саясат бастамаларынан хабардар етіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жаңа Экономикалық Саясатының негізгі мақсаттары және міндеттерімен таныстырды.
Неміс тарапы БҰҰ шеңберінде Қазақстанның халықаралық бастамаларына, оның ішінде Елбасының «Жаңа болашақ» тұжырымдамасын жасаумен қоса, «Жаһандық стратегиялық бастама-2045» жоспарын әзірлеу, Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму кеңесіне айналдыру, сондай-ақ, БҰҰ-ның Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жөніндегі жалпыға ортақ декларациясын қабылдау жөніндегі ұсыныстарына жоғары баға берді.
Осы күні екі елдің парламенттік дипломатиясын әрі қарай дамыту мақсатында Қазақстан елшісі Бундестаг депутаттары – «Германия-Орталық Азия» парламеттік тобының мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында неміс парламентарийлері екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, екі ел басшылықтары сапарлары мен Қазақстан және ГФР парламенттік тобы қызметінің елеулі ырғағын атап өтті. Неміс депутаттары келесі жылдың көктемінде Қазақстанға бару жөніндегі өздерінің жоспарлары жөнінде мәлім етті.
«Егемен-ақпарат».

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55