Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі өкілі Абдулла Матук Әл-Матукты қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Сенат Төрағасы БҰҰ-ға қатысты Қазақстанның көзқарасы туралы жүздесушіге жан-жақты әңгімеледі. «Қазақстан аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде елеулі рөл атқара отырып, гуманитарлық саладағы халықаралық ынтымақтастықты едәуір ұлғайтты, ол Ауғанстан, Сирия, Пәкістан, Орталық Азия елдері және өзге бірқатар мемлекеттерге көмек беруде көрініс тапты», – деді. Қазақстан Парламенті жоғары палатасының Төрағасы Алматыда аймақтық хаб негізінде БҰҰ гуманитарлық құрылымдарының қызметін кеңейтуді ұсынды.
Төраға, сондай-ақ, БҰҰ өкіліне біздің еліміздегі реформалар туралы айтты және көрнекті реформатор, ядролық қаруды таратпауға әрі халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосқан мемлекет қайраткері ретінде шетелдерде жақсы білетін Елбасының көшбасшылық рөлін атап өтті. Қ.Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері туралы жүздесушіні егжей-тегжейлі хабардар етті.
А.Әл-Матук БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның ізгі тілектерін жеткізді және ядролық қаруды таратпау, халықаралық қауіпсіздікті нығайту мен дінаралық үнқатысуды дамыту саласындағы Президент Н.Назарбаевтың халықаралық күш-жігеріне қолдау білдірді. БҰҰ Бас хатшысының өкілі шиеленіс салдарынан ауқымы зор гуманитарлық апатқа ұшыраған Сирияға көмек көрсету үшін донорлардың төртінші конференциясына әзірлік туралы хабарлады. Кувейт Әмірінің штаттан тыс кеңесшісі болып табылатын А.Әл-Матук таяу арада Сирия босқындары 15 миллионға жетуі ықтимал деп санайды.
24 қазанда аталып өтетін БҰҰ-ның 70 жылдығы қарсаңында жүздесушілер халықаралық өзекті мәселелерді реттеудегі осы әмбебап ұйымның жетекші рөлін нығайтудың маңызын атап өтті.

Қазақстан Орталық Азиядағы жаңа донор ретінде таныла бастады
Қоғам • Бүгін, 19:17
Қысқы Олимпиадада туды кімдер ұстайды?
Спорт • Бүгін, 18:48
14 мыңнан астам этникалық қазақ елге оралды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Бүгін, 18:10
2025 жылы БАҚ-та қандай тақырыптар жиі талқыланды?
Қоғам • Бүгін, 17:53
2025 жылы Қазақстанда қандай даулы мәлімдемелер болды?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Тараз горнизонында бес егіз жұп қызмет етеді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Мереке күндері пойыз бен ұшақ кестесі қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:23
240 мыңнан астам ұстаз ЖИ бойынша білім алды
Білім • Бүгін, 17:11
Қытайда теңіз бетіне салынған күн электр станциясы пайдалануға берілді
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 17:03
Қазақстан теміржол паркі жаңарады: 2026 жылы 91 жаңа вагон қолданысқа беріледі
Оқиға • Бүгін, 16:55
Ақтоғай ауданында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді
Аймақтар • Бүгін, 16:43
Биыл Президент тапсырмасымен 141 мектеп ашылды
Білім • Бүгін, 16:16
Димаш Құдайберген 2025 жылғы Чехия хит-шеруінің жеңімпазы атанды
Мәдениет • Бүгін, 16:00
Ғалымжан Кенжебек «Елімай» клубындағы мансабын аяқтады
Футбол • Бүгін, 15:55