ПЕТРОПАВЛ. 24 мамыр. Қызылжар ауданына қарасты Семиполатное ауылында 35 мүйізді ірі қара малынан бруцеллез таяқшалары табылуына байланысты карантин жарияланып, сүт, ет өнімдерін сатып алуға тыйым салынды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Алайда, мал иелері қосымша сараптама жасауды талап етіп, ауру малдарды өткізуден үзілді-кесілді бас тартып отыр.
«Өткен аптада мал дәрігерлері ауру сиырды алып кетті. Енді бұзауын да күштеп алмақшы. Осыншама малдың бруцеллезге шалдыққанына сенбейміз. Мұның бәрі ойдан шығарылған жала. Күдіктенсе, неге екінші рет қан алмайды?», дейді Петровтар отбасы.
Рассвет ауылдық округінің әкімі Қайса Жаңабековтың айтуы бойынша алғашқы тексеруде 180 бас малдың 34-нен ауру шыққан. 20 мал етке өткізіліп, әр кило ет үшін 500 теңгеден өтемақы төленген. Айғай-шуды өтемақыны азсынып жүргендер көтеріп жүрген көрінеді. Ауру малды жайылымға шығаруға да тыйым салынған. Әйтпесе 40 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Малдан бруцеллез таяқшалары анықталысымен 15 күннің ішінде көзі жойылуы тиіс. Алдын алу шаралары жедел қарастырылмаса, адамдарға да жұғып, індетке айналып кетуі ғажап емес.
Ауыл тұрғындарының бірі Әлия Әлкина карантин жарияланғалы етті де, сүтті де ешкім қабылдамай жатқанын,бала-шаға нәпақасын төрт түліктен айырып отырған тұрғындардың күнкөрісі қиындап кеткенін жыламсырай жеткізді.
Мал дәрігерлері ауру малдардың бәрі әкетілген соң тағы да тексеру шараларын жүргізіп, егер дерт анықталмаса, карантинді алып тастауға уәде беріп отыр.
Әзірге екі тарап бір-бірін кінәлаумен жүр.
Өмір Есқали.
Дерек: КТК телеарнасы.
Сурет: egemen.kz
• 24 Мамыр, 2015
Солтүстік Қазақстанда ірі қара малы бруцеллезге шалдықты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді
Президент • Бүгін, 16:08
@TazaQazBot – тазалық жолындағы тиімді тетік: 24 мыңнан астам мәселе шешімін тапты
Экология • Бүгін, 15:59
Президент Қазақстан құрамасын Азия біріншілігінде табысты өнер көрсетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:23
Мемлекет басшысы: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:10
Президент: Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп, оны елімізде және шетелде кеңінен дәріптеуіміз керек
Президент • Бүгін, 14:51
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:48
Тоқаев: Заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы бір топ жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады
Президент • Бүгін, 14:33
Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады
Президент • Бүгін, 14:20
Тоқаев: Жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне «Әл-Фараби» ордені енгізіледі
Президент • Бүгін, 14:05
Биыл әскери жиындарға қанша азамат шақырылады?
Әскер • Бүгін, 13:56
Мемлекет басшысы: Құқықтық нигилизмге жол жоқ
Президент • Бүгін, 13:50
Президент Конституцияны әзірлеуге үлес қосқан ғалымдарға ризашылығын білдірді
Президент • Бүгін, 13:43
Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
Сайлау • Бүгін, 13:37
Мемлекет басшысы: Еліміз үшін қолданбалы ғылымды дамыту – аса маңызды міндет
Президент • Бүгін, 13:32