24 Мамыр, 2015

Қостанай облысының делегациясы Ресейде конференцияға қатысты (фото)

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
24.05.2015 Qos-9ҚОСТАНАЙ. 24 мамыр. Ресейдің Троицк қаласында «Расулев оқулары: Ресейдің тарихы мен бүгінгі өміріндегі ислам» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов бастаған делегация қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 24.05.2015 Qos-10Челябі облысы үкіметінің шақыруымен халықаралық конференцияға Қостанай облысының делегациясы да қатысты. Оның құрамында облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов, Қостанай қалалық мешітінің имамы Шоқан Әмірханов, ғалым-дінтанушы Қалқаман Жақып, Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрхан Нүгірбеков болды. 24.05.2015 Qos-11Конференция жұмысына Ресейдің Жоғары муфтиі, Орталық діни басқарма төрағасы Талғат Таджуддин, Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский және Уфадан, Орынбордан, Қазаннан исламтанушы ғалымдар қатысты.  Конференцияға қатысушылар Ресейдің діни қайраткері, ойшыл, мұсылман әлеміндегі ірі педагог-ағартушы Зейнолла Расулевтің діни мұрасын ғана емес, қазіргі заманғы ислам әлеміндегі жағдайларды талқылады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz