07 Шілде, 2015

Облыс әкімінің 120 гранты мен 238 шәкіртақысы

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин «Достық және қоғам­дық келісім» үйінде «Елба­сымен бірге жастардың 100 қа­дамы» тақырыбы аясында жастар өкілдерімен кезекті кездесу өткізді. Астана мейрамымен орайластырылған шарада «Қазақстан-2020: болашаққа жол» атты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жас­тар саясаты тұжырымдамасын іске асыру қадамдары талқыға салынды. – Елбасы Н.Назарбаевтың жа­ңа дәуір­ді тұтастай қамтитын 5 институттық реформасы бола­шақтың тірегі әрі сол дәуірдің игіліктерін жасаушы сіздерге үлкен жауапкершілік жүктейді, – деді өңір басшысы өз сөзінде. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күн­дерінде-ақ президенттік «Бола­шақ» бағдарламасы қабылданды. Қазақстандық, оның ішінде біз­дің облысымыздың жастары да әлемнің озық білім ордаларында оқып, елімізге адал қызмет ету­де. Тың ойларымен, жаңа бас­тамаларымен үлгі көрсетіп жүр­ген мұндай жастар өңірімізде аз емес. Мәселен, «Болашақ» бағдар­ламасы түлектерінің бірі мем­лекеттік қызмет сатыларынан өтіп, жуырда ғана өнеркәсіпті Степ­ногор қаласының әкімдігі лауазымына тағайындалды. Қазіргі күні білім іздеп міндетті түрде шетел асудың қажеттігі жоқ­тығын тілге тиек еткен Сергей Виталь­евич жиналған жастарға қуа­ныш­ты хабарын да жеткізді. Ен­дігі жерде медициналық оқу орын­дарына түсуге ниет білдірген ақмола­лықтарға 120 грант, ал өзге де жо­ғары оқу орындары мен техни­калық және кәсіби мектепке қабыл­данғандарға 238 шәкіртақы тағай­ындалатын болады. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.