Статистика органдарының мәліметіне сүйенсек, қала бойынша жыл басынан бері жекелеген тауар бағасының өсуі 10 пайызды құраса, әлеуметтік маңыздағы тауар құны орта есеппен 5 пайызға өскендігі байқалады. Бұл ретте азық-түлік бағасының айтарлықтай артуы көрінбей отыр.
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин осылай деді. Оның айтуы бойынша, елордада әлеуметтік-экономикалық жағдайларды реттеу және мониторинг жасау бойынша арнайы штаб құрылған. Ол осы орайда бағаларды тұрақтандыру үшін әкімдік тарапынан қажетті шаралар қолға алынатынын айтты. Сондай-ақ, еліміздегі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе үстіміздегі жылдың қаңтары мен қазан айы аралығында тұтынатын бидайды Астанадағы дән өңдеуші кәсіпорындардан белгіленген баға бойынша жеткізу үшін бағдарлама қолға алынып отырғандығын жеткізді. Биыл осы бағдарламаға екі кәсіпорын — «Цесна-Астық» Концерні» АҚ және «Табыс 2009» ЖШС қатысатындығын атап өтті.
Сонымен қатар, ол сауда нысандары мен әкімдік арасында меморандум жасалғанын тілге тиек етті. Үстіміздегі жылы осындай меморандумға 25 сауда кәсіпорындары қол қойған, оның ішінде бірқатар сауда желісі мен супермаркеттер бар. Және де үстеме бағаның 10-15 пайыздың маңайында екендігін тұспалдай отырып, бұған өнімнің көп түрлілігі әсер ететіндігін айтты. Әлеуметтік маңыздағы азық-түлік өнімдерінің бөлек түрлеріне бағаның артуына теңгенің еркін бағамына орай өндірушілердің босату бағасының өсуі негіз болғанын көлденең тартқан ол, сонымен бірге шикізатқа, қаптау материалдары мен импорттық тағамдық қоспаларға бағаның артуы ықпал еткенін жеткізді. Ал жеміс-жидек, көкөніс, сүт және ет өнімдеріне бағаның динамикасы маусымдық мәнге ие, деді ол.
Сондай-ақ, теңге бағамының ауытқуы елордада бензин бағасының артуына ықпал етпейтіндігін жеткізді. Бұл мәселеде қаладағы барлық жанармай құю стансаларында жанар-жағармай материалдарының бөлшек сауда құны бекітілген шекте ұсталып тұрғандығын айтты. Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес, үстіміздегі жылдың мамыр айында жанармайдың бөлшек сатылымына шекті баға бекітілгенін еске салған ол, Аи-80 бензині 89 теңгеге, Аи-92, Аи- 93 108 теңгеге және дизель отынына 99 теңгеге шекті баға айқындалғанын атап өтті.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55