АҚТӨБЕ. 20 қазан. Ақтөбеде үшінші рет ТМД-дағы бірегей, ерекше корпоративтік мереке – тәлімгерлер күні атап өтілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осы жылы шара Еуразиялық топқа (ERG) мүше «Қазхром» компаниясының 20 жылдық мерейтойына арналды. Компанияның филиалдары – Дөң тау-кен байыту комбинаты, «Қазмарганец» кен басқармасы, Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарының өндіріс және әлеуметтік саласының үздік тәлімгерлеріне құрмет көрсету Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында ұйымдастырылды. Мерекеге тәлімгерлерді ғана емес, сонымен бірге олардың үйренушілері мен әріптестері де шақырылды.
Үздік тәлімгерлерді іріктеу кезіндегі басты шарттар – үйренушілер саны мен олардың қызмет бойынша көтерілуі, қамқорлыққа алынғандар мен бөлімше басшыларының лебіздері назарға алынды. Бұдан басқа, корпоративтік тәлімгерлер жоғары кәсіби шеберлігі мен жұмыста тұрақты көрсеткішке жеткен лайықты қызметкерлерден таңдап алынды. Айта кету керек, ең үздік тәлімгердің бірі болып Бауыржан Өтемісов танылды. Кәсіпорында еңбек еткен 28 жыл ішінде ол ұсақтаушыдан бастап Дөң ТКБК-ның директоры орынбасарлығына дейін көтерілген.
«Қазхромның» алтын қоры болып табылатын үздік тәлімгерлер мен қызметкерлерге гүлдер, сыйлықтар, компания басшылығы атынан ақшалай сыйақылар тапсырылды.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55