07 Шілде, 2015

Ұлтымның ұлы тұлғасы

492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Аумалы мынау, аласы көптеу заманда, Өзіңдей перзент тумаса егер ғаламда, Бояуы сіңген бодандық таңы даламда, Қазақтың бағы, Алаштың бағы жанар ма?!   Қазақты бүгін дүние түгел таныды, Намысын халқым арына қайрап жаныды. Табысты бауыр, қауышты қауым, аға-іні, Қазақты ұлт деп мойындады әлем анығы.   Қазақстаным, барыстай шыңға ұмтылған, Таранған құстай малынып шыққа құлпырған. Көріңдер, міне, халқымның жарқын шырайын, Бірлігі – қалқан, пейілі – дархан шырқымнан.   Астанам қандай, бойжеткен қыздай сыланған, Арудай аппақ Есілді көру бір арман. Сүйсініп дос та, қарайды жат та таң қалып, Ағылып күнде жұртымның басы құралған.   Астанам, сенсің,  Еуразия  ордасы, Кемеңгерлікпен келеді бастап Елбасы. Елім деп жүрген ұлтымның ұлы тұлғасы, Халқымның өзің, ақылшы досы, сырласы.   Жұмылған жұртым еңсесін тіктеп  көсілді, Мерейі тасып, көңілін көкке өсірді. Елбасым менің, өзіңе ғана сенеді ел, Тарта бер алға танбастан нұрлы көшіңді! Жетіскен МӘКЕНАЛЫ, мәдениет қайраткері. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы.