Қазақстан Конституциясының күні ежелгі өркениет ордасы – Италия елінде аталып өтілді. Милан қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2015 Халықаралық жетістіктер көрмесіндегі Қазақстан павильонының алдындағы алаңда осы айтулы күнге арналған мерекелік шаралар болып өтті.
Әлем халықтары жетістіктерінің жәдігерлерін паш ететін ЭКСПО көрмесі – жаһандық ірі халықаралық шаралардың бірегейі. Міне, бірнеше айдан бері Милан қаласына дүние жүзінің назары ауған. Көрмеге төрткүл дүниенің төрт бұрышынан ат ізін салған туристердің Қазақстан Республикасы павильонына соқпай кеткендері кем де кем. Мамандардың айтуы бойынша, ЭКСПО-2015 Халықаралық жетістіктер көрмесіндегі павильондардың ішінде қазақстандық павильонның мерейі үстем болуда. Қазірдің өзінде еліміздің павильонына 600 мыңнан астам көрермен келген. Көрме аяқталғанға дейін олардың саны 1 миллионнан асып түсетіндігі кәміл.
«ЭКСПО Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесі 120 жылдан астам уақыттан бері ең дамыған елдерде өткізіліп келеді. Қазақстан – жер көлемі жағынан әлемдегі тоғызыншы ел болып саналады. Біздің елімізде 140-қа жуық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстан – Орталық Азиядағы және ТМД-дағы көшбасшы мемлекеттің бірі. Конституция – біздің еліміздің қол жеткізген жетістіктерінің тұғыры, тең құқық пен мүмкіндіктердің кепілі. Қазақстанның келесі ЭКСПО көрмесін өзінің астанасында өткізу құрметіне ие болуы да соның айқын айғағы», деді Миландағы Қазақстан Конституциясы күніне арналған мерекелік салтанатта сөйлеген сөзінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.
Бұдан кейін Ахметжан Есімов италиялық журналистердің қойған бірқатар сұрақтарына жауап берді. Олардың бірі Миланда өтіп жатқан көрмеде өзінің павильонымен көпшілікті таңдандырғандай, Қазақстан ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін жоғары дәрежеде өткізе ала ма деген сұрақ қойды. «Астанада өтетін көрменің тақырыбының өзі бүгінгі таңда әлемдегі ең маңызды мәселе болып отыр, оған қоса Қазақстан ЭКСПО көрмесін өткізудегі италиялық әріптестерінің тәжірибесін молынан пайдаланады», деп жауап берді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы. Миландағы Қазақстан павильоны алдындағы мереке еліміздің өнер шеберлерінің концертіне ұласты.
Жарас САДУАҚАСОВ.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55