АСТАНА. 25 мамыр. Өткен аптада Мәскеуде қазақтың көрнекті ақыны, сазгер Тұрсынай Оразбайқызы қайтыс болды. Сенбі күні қаламгер туған өңірі Оңтүстік Қазақстан облысына жерленді. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.
Қоштасу рәсімі Шымкенттегі Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония алдында өтті. Қаралы жиынға халық көп жиналды. «Қазақ тілі» газетінің редакторы Орынбасар Қуандықов: «Оңтүстікте 100-ден астам жазушы бар болса, біздер, Ресей қазақтары үшін Тұрсынай сияқтылар біреу ғана. Ол кісінің айтқан сөздерінен өнеге төгіліп тұратын. Мен үшін бүгін өте қайғылы күн», – деді.
Тұрсынай Оразбайқызы 1950 жылы 19 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, Мәскеудегі жоғарғы әдебиет курсын бітірген. Жастайынын әнші әрі ақын ретінде көзге түсті. Облыстық драма театрында, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде, қазақ радиосында, жазушылар одағында, Саха Республикасының Қазақстандағы өкілдігінде жұмыс істеген. Ұзақ жылдар Мәскеудегі халықаралық жазушылар одағы қауымдастығында қазақ әдебиеті бойынша кеңесші қызметін атқарды.
Тұңғыш өлеңдер топтамасы «Жалын» баспасынан шыққан «Қанат қақты» атты жинақта жарық көрді (1975 ж.) «Таңғы шапағы», «Іңкәр жүрек әуені», «Гүлсезім», «Ты моя весна» сынды жыр жинақтары орыс, саха және тува тілдеріне аударылды.
Халықаралық «Алаш» және А.Фадеев атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты. Саха-Якутия Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: otyrar.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше