Уа, егемен елдің Сардары –
Нұрекеңдей ардағы!
Таудан биік парқыңыз,
Баға жетпес нарқыңыз.
Тарихына қазақтың,
Қалдырдыңыз жарқын із.
Өзіңіз де қосылып,
Тарихта мәңгі қалдыңыз.
Еске алсақ өткенді,
Өткен күнде көп белгі.
Бағымызға берді ғой,
Нұрекеңдей текті ерді.
Не қиыннан аман-сау,
Бәрінен де өткерді.
Таңырқатып бар елді,
Мойындатты әлемді.
Әр жыл сайын бұл күнді
Мерекелеп жатырмыз.
Бата, тілек беретін
Бұрыннан бар салтымыз.
Сол дәстүрді қашанда,
Қастерлейік жалпы біз.
Құтты болсын, Нұреке,
Сіздің туған күніңіз!
Ашық болып Аспан да,
Жарқырасын түніңіз!
Ел басқарып аман-сау,
Жүзден де асып жүріңіз!
Елтай БИМАХАНБЕТҰЛЫ,
Түркістан қаласының құрметті азаматы, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы.
Оңтүстік Қазақстан облысы.