Астанада бесінші дүркін өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі діндераралық үнқатысудың айқын алаңына айналды. Небәрі 13 жылдың ішінде бүкіләлемдік деңгейде мойындалуы съездің маңыздылығын, өзектілігін көрсетеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында оның өміршеңдігі дәлелденіп отыр.
Съезге қатысқан спикерлердің бірі Ватикан Папасының Дінаралық үнқатысу кеңесінің президенті, кардинал Жан-Луи Торанның «Астана тек қана Қазақстанның астанасы емес, ол барлық діндер үнқатысуының астанасына айналды», – деп мәлімдеуінде үлкен мән жатыр.
Съезде көтерілген маңызды мәселелердің әлем алдында берері көп. Әсіресе, ислам қоғамындағы діни дағдарыстың, ахуалдың тұрақтануына септігін тигізеді деп күтілуде.
Съездің секциялық жұмысына қатысқан еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы да тұшымды ойларын ортаға салған кезде шетелдерден келген қонақтар оң пікірлерін білдіріп отырды.
– Дін – бүкіл әлемде адамдардың рухани дүниетанымын байыта отырып, жер бетіндегі адамзат қауымының өмір сүру игілігіне өз үлесін қосатын қуатты күш. Сондықтан, сол күшті адамдар арасындағы достық пен ынтымаққа және мемлекетіміздің дамуына жұмсауымыз қажет. Ал өзара келісім мен жарасымдылыққа ислам дінінің қосар үлесі өлшеусіз, – деп Бас мүфти ислам дінінің негізгі құндылықтарының бірі – бейбітшілікті дәріптеді.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өзінің мәні мен маңыздылығын ешқашан жоғалтпақ емес. Өйткені, қазіргі жаһандану дәуірінде жер бетіндегі барлық адамзат бейнебір қалада өмір сүріп жатқандай. Олай болса, адамзат дініне, нәсіліне, ұлтына қарамастан, ынтымақта, бейбітшілікте, татулықта өмір сүре алатынына осы съездің алаңы ең үлкен дәлел болып қала бермек.
Ершат ОҢҒАРОВ,
ҚМДБ аппарат бөлімінің
меңгерушісі, теолог, PhD.

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05