Қоғам • 14 Сәуір, 2025

Қазақ газ өңдеу зауытының бұрынғы директоры сотталды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Жаңаөзен ауданының соты Қазақ газ өңдеу зауытының бұрынғы директоры Б.А. Байшуақовқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақ газ өңдеу зауытының бұрынғы директоры сотталды

Агенттіктің ақпаратынша, Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сату және түскен қаражатты иемдену арқылы ірі мөлшерде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Ол 4 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды», делінген хабарламада.