АЛМАТЫ. 25 мамыр. Аспан айналып жерге түскен ыстық пен ауа жетпес қапырықтан 4 күннің ішінде Үндістанда 500 адам көз жұмды. Қасіретті оқиға елдің оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш пен Телангана штаттарында орын алды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Мачилипатнам мен Туни шаһарларында ауаның темпреатурасы +47 градусқа дейін көтерілген. Ең қиыны – метеорологтар таяу күндері ыстықтың беті қайтпайтынын ескертті. Жергілікті әкімшілік тұрғындарға далаға шықпай, мүмкін болса көлеңкені саялауға кеңес беруде. Алайда, ең бастысы, халық – ауызсуға зәру. Сәуір мен мамыр айларында күннің ерекше ысуы Үндістанның оңтүстік аумағына тән құбылыс. Дегенмен үнді синоптиктері Телаган штатында дәл мұндай ыстық соңғы рет 1947 жылы болған дейді. Сол жылы термометрдегі көрсеткіш Цельсий бағаны бойынша +47,2 градусты көрсеткен екен.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: РИА «Новости».

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше