ҚОСТАНАЙ. 20 қазан. Қостанай облысының Ұзынкөл ауданындағы мешітте 80 жастағы Маргарита Жазитова қария мұсылман дінін қабылдады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ұзынкөл адандық мешітінің имамы Есенгелді Әжмахан қажы: «Мешіт өміріндегі бұл жаңалық Құрбан айт мерекесі қарсаңында болған еді. Әжейдің өзі басқа ауданда тұрады екен. Туыстары оны сәрсенбі күні алып келді. Шариғаттың шарты бойынша, ол кісінің құлағына азан шақырып, жаңа есім беріп, мұсылман дініне өткіздік. Құрбан Айт намазына келген жамағат қол жайғанда, әжеміз де қол жайып, «Аллаһу әкпар, Алладан биік ұлық жоқ», – деді. Қазір ислам қағидаттары туралы орыс тілінде де кітаптар, түсіндірме материалдар жеткілікті. Әжеміздің оқығаны, естігені көп екенін байқадым. Ислам дінінен хабары мол, үлкен дайындықпен келгені білініп тұрды. Имандылық туралы мешітіміз үздіксіз шаралар өткізеді. Соның өзінде кейбір егде кісілер Айт, Жұма намаздарына келмейді, тіпті мешіттің есігінен қарамайтындар да бар. Әсел әжейдің таңдауы сондай кісілерге сабақ болса жарар еді», – деді.
Әжей жаңа ныспысының Әсел Иванқызы болғанын қалапты. Ол жолдасы Қайыржанмен бірге ұзақ жасады, екі ұл, бір қыз тәрбиеледі. Қазір немере, шөбере сүйген бақытты әже. Қайыржан атай осыдан оншақты жыл бұрын дүние салған боатын. Әжей өзінің туыстары мен балаларына «егер дәм-тұзым таусылып, олай-бұлай болып кетсем, шалымның қасына қойыңдар» деген өтініш-өсиетін де айтып қойыпты.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55