Бішкектегі Тоқтоболот Абдымомунов атындағы Қырғыз ұлттық драма театрында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына арналған спектакльдің тұсауы кесілді. Драмалық шығарма «Ер достығы – егіз, ел достығы – теңіз» деп аталады.
Спектакльде Нұрсұлтан Назарбаевтың және оның қырғыз досы Марат Ақматаевтың Үшқоңыр жайлауында, шекаралас қырғыз ауылдарында өткен балалық шағы, кейін Украинаның Днепродзержинск қаласында екі достың басқа да құрбыларымен бірге кәсіптік білім алғаны шебер суреттеліп, болашақ елбасының жас кезіндегі ерекше бейнесі ашып көрсетілген. Екі достың ата-аналарының қарым-қатынастары, жайлаудағы жылқышылардың тұрмысы, кейіпкерлердің сөз саптауы арқылы драмада өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы қазақ-қырғыз халқының этнографиялық болмысы сәтті көрініс тапқан.
Пьесаның авторы және режиссері Қырғызстанның белгілі журналистерінің бірі, кейінгі жылдары драматургия саласында істеп, Қырғыз-Түрік Манас университетінде студенттерге драма жанры бойынша тәлім-тәрбие беріп жүрген – Аманбек Жапаров.
«2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың қырғыз досы Марат Ақматаевпен жолығып, көп естеліктерді жазып алғанмын. Соның негізінде Елбасының 70 жылдығына арнап пьеса жазып, оны сахнаға алып шықпақ болғанбыз. Пьеса жазылды, бірақ «ойлаған ойды қыстаған тұрмыс жеңіп», оны сол кезде сахнаға шығара алмадық. Ештен кеш жақсы, енді Нұрекенің 75 жылдығына үлгердік. Осы арада Марат Ақматаевтың өзі өмірден өтіп кетті. Өзі өтсе де сөзі, жазылған хаты (естеліктері) осы шығармада қамтылды. Қазақ-қырғыз достығын нығайтуға қомақты салымын қосып отырған Нұрсұлтан Әбішұлына қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Дегенмен, негізгі мақсатымыз – екі елдің ежелден жалғасып келе жатқан бірлігін шыңдау, жас буын өкілдеріне үлкен адамдардың достығын үлгі ету», – деп ой бөлісті Аманбек Ділденбайұлы.
Пьесаны сахнаға қойған режиссер – Қырғызстанға еңбегі сіңген әртіс Марат Қозыкеев. Пьесаны қоюға 30-дан аса әртіс қатысты. Нұрсұлтанның әкесі Әбіштің рөлін Қырғызстанның халық әртісі Дүйшөн Байдөбөтов, Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесін театрдың жас әртісі Эржан Осмонов сомдаған.
Бішкекте Аманбек Жапаровтың «Ер достығы – егіз, ел достығы – теңіз» деп аталған кітабы қырғыз, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Елбасының замандастарының әңгімелерімен бірге мұнда пьесаның мәтіні де кіргізілген.
Назарбек БАЙЖІГІТОВ.
Қырғыз Республикасы.
Бішкек қаласы.

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20