Кеше Үкімет Үйінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) президенті Эррол Франк Стуве бастаған делегациямен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында әлеуметтік қамсыздандыру саласында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану мәселелері талқыланды.
Б.Сапарбаев Қазақстанда әлеуметтік саладағы АКТ дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. «Бұл саланы дамыту серпіні соңғы жылдары екпіндеп өсіп келеді. Жаңа технологияларды енгізудің арқасында әлеуметтік саладағы электронды қызметтер саны жыл сайын артуда. Біздің еліміз АКТ дамыту деңгейі бойынша үлкен жетістіктерге жетіп, ТМД елдері арасында жетекші орындарға ие», – деп баса айтты Вице-премьер.
Ол, сондай-ақ, Қазақстан дағдарыс кезінде де барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындап отырған әлемдегі санаулы елдердің бірі екенін айтты.
Вице-премьер осыдан кейін Астанада 2-4 қыркүйекте ХӘҚҚ қамқорлығымен әлеуметтік қамсыздандырудағы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бойынша халық-
аралық конференция өткізудің маңыздылығын атап өтті.
«Осында ауқымды іс-шара халықаралық ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға және тәжірибе алмасуға жағымды орта қалыптастырып, Қазақстанның әлеуметтік қамсыздандыруындағы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытуға жаңа серпін береді», – деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.
Өз кезегінде Эррол Франк Стуве қазақстандық тарапқа конференция ұйымдастыруға қол ұшын бергені үшін алғыс білдіріп, аталған диалог алаңы әлеуметтік қамсыздандырудағы АКТ саласын одан әрі дамытуға сындарлы шешім жасауға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32
Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:22
Арменияда парламент сайлауы басталды
Саясат • Бүгін, 10:52
Бүгін отандасымыз Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ойнайды
Спорт • Бүгін, 10:37
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, плоггинг өткізді
Спорт • Бүгін, 09:54
Алматыда көлік саудасы пышақтаумен аяқталды
Қоғам • Бүгін, 09:17
Әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісі: Кәсіпкер ауылға спорт нысанын сыйлады
Қоғам • Бүгін, 09:11
Ескек есу: Біздің жігіттер халықаралық жарыста алтын мен күміс иеленді
Спорт • Бүгін, 08:43