20 Қазан, 2015

Қостанайда астық жинау науқаны аяқталды (фото)

659 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
20-10-2015-Astyk 1ҚОСТАНАЙ. 20 қазан. Қостанай облысында астық жинау науқаны толық аяқталды. 4 миллион 18 мың гектардан қамбаға барлығы 5 миллион тонна алтын астық құйып алынды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Көктем және күзде ауа райының аса қолайлы болмағанына қарамастан қостанайлық диқандар гектарынан 12,4 центнерден астық жинады. Әсіресе, Федоров, Сарыкөл, Меңдіғара, Ұзынкөл аудандарында гектар айналымы мол, 16 центнерден асып жығылды. Астық үшін аттанысқа 12 мың комбайн, оның ішінде 3,2 мың қуатты, өнімділігі жоғары Джон-Дир, Кейс, Клаас, Акрос комбайндары қатысты. Оның сыртында 8,6 мың жүк машиналары, басқа да мыңдаған басқа техникалар болды. Әдетте, облыста оңтүстік аудандар астықты ертерек жинап алады. Ауа райының жаңбырлы болуына байланысты уақыттан ұту үшін оңтүстік аудандардан 200 комбайн солтүстік аудандардағы диқандарға көмекке келді. Мұның өзі жауапты науқанның тезірек бітуіне мүмкіндік жасады. Облыс диқандары мемлекет тарапынан жасаллған жеңілдіктерді пайдалана отырып, 77 мың тонна дизель отынын арзан бағамен алды. Егіс алқабындағы көктемгі-күзгі жұмыстар үшін мемлекет 6.5 миллиард теңге несие қаржысын бөлген болатын. Жиналған астықтың жақсы сақталуы үшін облыста сыйымдылығы 7 миллион тонна элеваторлар мен қоймалар дайындалды. Бүгінге дейін элеваторларға 1 миллион 391 мың тонна астық түсті, оның 1миллион 209 мың тоннасы бидай. Көкетмде 548 мың тонна тұқым себілген болатын. Бұл 100 пайыз сұранысты қамтамасыз етті. Облыста қазір майлы дақылдар жиналуда. Бүгінге дейін 161 мың гектар алқап жинаоды, бұл барлық көлемнің 48 пайызы болып табылады. Оның гектар айналымы 5,6 центнерден келіп тұр. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz. 20-10-2015-Astyk 3 20-10-2015-Astyk 2