Кеше елордадағы Ұлттық музейде Астана күніне және музейдің 1 жылдығына орай «Мәңгілік Ел» атты концерт өтті. Мерекелік шарада Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбеков жетекшілік ететін «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі мен «Серпер» күйшілер тобы өнер көрсетті.
Ең әуелі музей кіреберісіндегі атриумда домбыра пати ұйымдастырылды. Бұл шараға «Серпер» және «Көкбөрі» домбырашылар тобы қатысты. Екі топқа бөлініп күй тартыс жасаған жігіттердің өнер бәсекесі өте қызу және тартысты өтті. Домбыра патиді музей қонақтары мен қызметкерлері тамашалады. Аталған шарада күмбірлеген кербез-күйден шашу шашқан домбырашыларға көрермендер ерекше қошемет көрсетіп, жігерлендіріп отырды. Мерекелік шара барысында Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай сөз сөйлеп, өнерлі жастардың қадамдарына сәттілік тілеп, алғыс айтты. Сондай-ақ, ұлтымыздың дәстүрлі өнеріне, соның ішінде домбыраға әрқашан да музей төрінен орын табылатындығын жеткізді.
Бұдан кейін музейдің үлкен мәжіліс залында «Мәңгілік Ел» деген тақырыпта концерт болды. Концертте бастан-аяқ «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі өнер көрсетті. Оркестр жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбеков. Мұнда Секен Тұрысбековтің «Мәңгілік Ел», «Ақ жауын», Тәттімбеттің «Бестөре», Сейдолла Бәйтерековтің «Кішкентай» күйлерімен қатар, тағы да басқа өнер туындылары орындалды.
«Қазағымның жүрегінен жаралған, даламыздың үнісің сен, домбыра!», демекші, замана үнімен біте қайнасқан кербез күйші туындысы көрерменін бір сәтте толқытып-тебіренте алды. Күй әлемін өзінше сөйлетіп, нәзік пернелер арқылы сырлы саз тудырып, әсем әуеннен сурет салған ерекше дарын иесіне бұл жолы да халқы риза болып, аямай қол соғып жатты.
Өздеріңізге белгілі, талантты композитор С.Тұрысбеков «Мәңгілік Ел» күйі турасында баспасөзге берген бір сұхбатында:
– Қай мемлекет болса да өзінің ұрпағы, отаны мәңгілік болғанын қалайды. Елбасының Жолдауда айтқан «Мәңгілік Ел» идеясы да осы күйдің жарыққа шығуына әсер етті. Мысалы, әншілер, күйшілер Елбасына арнап ән, күй шығарып жатса, теріс емес шығар. Бұл күй Елбасының ойына, идеясына қолдаушы болсам, бір жағына шыққың келіп, сүйеу болсам екен деген ізгі ниеттерден туындады. «Мәңгілік Ел» идеясы – алдағы болашақтан күткен үлкен үміт. Тәуелсіздігіміз баянды, елдігіміз мәңгі, қоғамымыз тыныш болса екен деген асыл арман, – дейді.
Тағы бірде: «Елбасымен бір кездескенімде «Секен, өз оркестріңді құрсаң қайтеді?» деген идеяны берді. Содан мен Елбасының бұл ұсынысын мақұл көрдім. Сөйтіп, кейін «Ақжауын» оркестрі дүниеге келді десем, артық айтқандық емес. Ұжымыммен Астанаға көшіп келуіме тағы да Нұрсұлтан Әбішұлы себепкер болған еді», – деген болатын.
Жиын соңында оркестр жетекшісі С.Тұрысбеков көрермендерді қала күнімен және Ұлттық музейдің 1 жылдығымен құттықтады. «Мәңгілік Ел» туындысының авторы елімізбен бірге өнеріміздің де мәңгілік болуына тілектестік білдірді.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
журналист.

Қаңтар жылы болады: синоптиктердің 2026 жылға болжамы
Ауа райы • Бүгін, 17:09
Қазіргі балалар Аяз атаға сене ме?
Қоғам • Бүгін, 16:53
Шымкенттегі екі тұрғын үй алабына газ берілді
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • Бүгін, 16:30
Әскери бөлімде Айқас есімді тазы ит қызмет етеді
Қоғам • Бүгін, 16:22
Мерекені қалай қолжетімді бағаға тойлауға болады?
Қоғам • Бүгін, 16:12
Астанада 10 жас ғалымға үй берілді
Ғылым • Бүгін, 16:00
Ел тұрғындары биыл қанша тонна мандарин тұтынды?
Қоғам • Бүгін, 15:52
Бауыржан Момышұлына арналған мемориалдық тақта ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 15:42
Қаңтарда өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды
Білім • Бүгін, 15:32
Әлем елдері жаңа жылды қалай қарсы алады?
Мереке • Бүгін, 15:05
Әкім 100-ден астам инвестормен кездесті: 2025 жылы Абай облысына қанша млрд қаржы тартылды?
Аймақтар • Бүгін, 14:53
Елорданы бір-ақ сәтте қар басты: коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 14:47
«Жас ұлан» ұйымының басты миссиясы қандай?
Балалар • Бүгін, 14:32
Елімізде 50 мыңға жуық жолаушы жаңа жылды пойызда қарсы алады
Қоғам • Бүгін, 14:19