АҚТӨБЕ. 25 мамыр. Ақтөбедегі «Қазхром» трансұлттық компаниясының» филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жас мамандары Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Шевченконың отбасына барып, үй шаруасына қол ұшын берді. Сондай-ақ, қарт жауынгердің ерлікке толы әңгімелерін тыңдап, өмірлік өнеге алып қайтты. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жас мамандар кеңесінің төрағасы Жасұлан Жұмай бастаған кәсіпорын жастары ардагерлер кеңесімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Олар қариялардың өтініш-тілектерін әрдайым ескеріп, үй шаруасына қолғабыстарын тигізіп отырады.
«Мен соғыстан аман-есен оралып, 31 жыл Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №1 балқыту цехында слесарь-жөндеушілердің бригадирі болып еңбек еттім. Қарттарын ешқашан ұмытпайтын осындай компанияда еңбек еткенімді әрдайым мақтан етіп отырамын. Жылдың қай мезгілі болсын өздерінің көмектерін аямайтын, қарттарын қазынасындай сыйлап, әрдайым қасымыздан табылатын зауыттықтарға алғысым шексіз. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін металлургтерге біздің салып кеткен сара жолымызда аянбай еңбек етіп, еліміздің экономикасына қара металлургия саласы бойынша өз үлестерін қосып, тек биіктерден көріне берсін деп батамды беремін», – деді соғыс ардагері Иван Шевченко.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Бүгін, 12:52
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады
Саясат • Бүгін, 10:14
ШҚО-да колонияға 15 телефон өткізбек болған әрекет тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 10:02
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Руханият • Бүгін, 09:50
Руханият • Бүгін, 09:47
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Бүгін, 09:45
Қоғам • Бүгін, 09:44
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Бүгін, 09:10
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Бүгін, 09:05
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Бүгін, 09:03
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Бүгін, 09:00
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Бүгін, 08:57
Қазақ балуандары Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 08:55