Кеше елордадағы «Астана Опера» театрында «Астана-Арқау» дәстүрлі түркі музыкасы фестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Қала күніне орай ұйымдастырылған мәдени шарада түркі халықтарының әуезді музыкасы мен саз өнері кеңінен насихатталды.
Үш күнге созылған фестивальге отандық өнерпаздардан бөлек, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Моңғолия, Қытай елдері және Татарстан, Башқұртстан, Алтай, Хакасия, Саха, Тыва, Якутия, Таймыр, Қабардин-Балқар, Дағыстан (Ресей), Қарақалпақстан сынды түркі ұлттық автономияларының дәстүрлі әншілері мен ғалымдары қатысты. Бұл бастаманың мақсаты – түркі халықтарының байырғы және қазіргі этномузыкасындағы жақындықты іздеу, қос заманның сазынан өзара үйлесім мен үндестік табу.
– Сол себепті аталған шара түркі халықтарының көп жанрлы музыкалық мұрасына арналды. Нақты айтсақ, фестиваль барысында түркі музыкасы жеке орындаушыдан басталып, эпикалық шығармалар сынды түрлі жанрда ұсынылды. Сондай-ақ, орындаушылардың шеберлігі арқасында көрермендер халықтың асыл қазынасымен танысып, сирек кездесетін музыкалық аспаптарды көруге мүмкіндік алды. Алдағы уақытта осы жұмыстардың қорытындысы ретінде «Астанадағы түркі әуені» атты бірнеше дискілі СD альбомын шығару жоспарланып отыр, – дейді ұйымдастырушылар.
Шара аясында қатысушылар «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» атты дәстүрлі көшпелілер өркениеті фестивалінде де өнер көрсетті. Ол жерде қала тұрғындары мен қонақтары түркі мәдениетінің құнды дүниесі мен ән өнерінің жауһарларына куә болды. Ал жабылу салтанатында халық Қырғызстанның «Ордо сахна» фольклорлық ансамблі мен Қабардин-Балқардың «Ийнер» өнер ұжымына ерекше қол соқты. Жеке орындаушылар арасынан қазақстандық Ерлан Рысқалидың әндері тыңдарманның айызын қандырып, рахатқа бөледі. Кеш соңында Рамазан Стамғазиев бастаған бір топ отандық өнер жұлдыздары «Дедім-ай-ау» әнін орындады. Бұл сәтті фестивальдің шарықтау шегі десек, артық айтқандық емес. Нақышына келтіре шырқалған әннен жиналған халық ерекше әсер алды.
Мұндай фестиваль алғаш рет 2009 жылы ұйымдастырылғанын айта кетейік. Яғни, биыл жетінші рет өткізіліп отыр. Осы аралықта оған түркі халықтарынан 470-тен астам музыкант пен сала мамандары қатысқан.
Сонымен қатар, жыл өткен сайын аталған шараның аясы кеңейіп, қатысушылар саны артып келеді. Мәселен, биыл Ресейдің солтүстігін мекендейтін таймыр-долғандары Астанаға алғаш рет келіп, өнер көрсетті. Одан бөлек, биылғы фестивальдің тағы бір ерекшелігі, Түрікменстаннан өте сирек кездесетін аспаптардың жеткізілуі болды.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».
• 07 Шілде, 2015
Түркі дүниесінің жауһарлары Астанадағы музыка фестивалінде кеңінен насихатталды

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық
Күрес • Бүгін, 17:20
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20