Оқиға • 29 Сәуір, 2025

Астанадағы Ж.Молдағалиев көшесінің бір бөлігі жабылады

31 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада «Е-41 көшесінен Е32 (Әйтеке би) көшесіне дейінгі учаскеде Ж.Молдағалиев көшесінің құрылысы» жобасы іске асырыла бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанадағы Ж.Молдағалиев көшесінің бір бөлігі жабылады

Фото: Ашық дереккөз

Қала әкімдігінің хабарлауынша, құрылыс жұмыстарына байланысты 2025 жылғы 29 сәуір мен 30 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы толықтай тоқтатылады. Осы кезеңде көлік қозғалысы балама көшелер мен кварталішілік жолдар арқылы ұйымдастырылады.

1

Сондай-ақ, қала тұрғындарына қоғамдық көлік бағыттарындағы өзгерістерді алдын ала ескеріп, қозғалыс жоспарын қайта қарау ұсынылады. Қолайсыздықтарды азайту және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыт көрсеткіштері орнатылады.

 

Соңғы жаңалықтар

Алакөлге шаршамай жетесіз

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Қанасқа қатынау жеңілдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Өндіріс қалдығы азаяр емес

Экология • Бүгін, 08:40

Желмен жүретін пойыз

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35