Ұлттық музейде Ұлыбританиядан келген ерекше шай көрмесі өтті. Шара Астана күніне және Ұлттық музейдің 1 жылдығына орай ұйымдастырылды. Онда «Chitra by Newby» халықаралық бірегей шай коллекциясы таныстырылды.
Қазақстан – «Chitra by Newby коллекциясынан» халықаралық көрмесі өткізілген алғашқы ел. Көрмені Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Британиялық коммерциялық емес N.Sethia Foundation қайырымдылық қоры және Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ұйымдастырды. Сондай-ақ, көрмені ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қолдау білдірген, ал коллекцияны ресми тасымалдаушы – «Эйр Астана» АҚ.
«Бүгінгі күнді тарихи күн деп айтуға болады. Дәл осы көрмені Елбасымыздың өзі тамашалап, үлкен бағасын беріп кетті. Шай мәдениеті қазақ халқына ешқашан бөтен болған емес. Біз басқа халықтардан кем шай ішпейміз. Ал шайдың тарихына қатысты тың деректерді білу үшін біз осындай көрмелермен танысуымыз керек. Осында тұрған әрбір шай жабдығының өзінің терең тарихы бар. Бұл жерден осыдан жеті-сегіз ғасыр бұрын жасалған бұйымдарды көруге болады. Олардың барлығы біздің рухани дүниемізді байытады.Мен осы көрмені ұйымдастырып, әлемнің жауһарларының біздің алдымызға келуіне ұйытқы болған Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовке, Нирмал Сетхия мырзаға ерекше алғыс айтқым келеді», – деді көрменің ашылуында сөйлеген сөзінде Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай.
«Chitra by Newby коллекциясынан» көрмесі Астана тұрғындары мен қонақтарын ерекше құнды жәдігерлермен таныстырып, шай ішу мәдениетінде қалыптасқан дәстүрлер туралы және осынау көне сусынның тарихынан хабардар етті.
«Chitra by Newby коллекциясын» жинақтаушы – N.Sethia Groupof Companies және «N.Sethia Foundation» қайырымдылық қорының төрағасы Нирмал Кумар Сетхия. Лондонда орналасқан «Chitra by Newby коллекциясы» – бұл шай тарихымен байланысты жалғыз жеке антиквариаттар топтамасы. Коллекция құрамында Еуропа, Азия және Америкада жасалған қолданбалы өнер туындыларының 1500-ден астам сирек және ғажап үлгілері бар. Коллекция мың жылдық уақыт аралығын қамтиды: Сун династиясы (Х-ХIII ғ.ғ.) кезіндегі пиалалар мен сацумалық керемет фарфор шәйнектерден бастап Викториандық дәуірдегі салтанатты шай ыдыстары мен ХХI ғасырда жасалған сәнді аксессуарларға дейін – Қытайдың Мин дәуіріне жататын көкала фарфордан жасалған, күміспен безендірілген «краак» стиліндегі шәйнек, ашық теңіз толқыны түстес нефриттен жасалған, айдаһар бейнеленген кесе, Қытайдың Канси дәуіріне жататын алтынмен безендірілген фарфор шәйнек, борокко стилінде Нидерландта жасалған шәйнек (1700), алтынмен безендірілген, гелиотроптан жасалған шәйнек, алтын жалатылған күміс шәйнек пен шай табақ, Британия және тағы басқалар бар.
Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10