Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Байқоңыр қаласына арнайы іссапармен келді. «Союз ТМА 18-М» кемесімен ғарышқа сапар шегетін экипаж мүшелерімен кездесті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен экипаж командирі Сергей Волков, бортинженерлер қазақстандық Айдын Айымбетов пен даниялық Андреас Могенсенмен пікірлесіп, сәтті сапар тіледі.
– Бүгін елің мен Елбасының атынан арнайы келіп, сапарыңа сәттілік тілеп отырмыз. Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев секілді алдыңғы толқын ағаларыңның жолын жалғап, елің мен ұлтыңның абыройын көтергелі отырсың. Мақсат-мұратың оңынан орындалсын. Биыл – Қазақстан үшін өте мерейлі жыл.
Қазақ хандығының құрылғанына – 550, Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20, еліміздің ең үлкен құжаты – Ата Заңымыздың қабылданғанына 20 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта сенің көк жүзіне аттануың ел абыройын тағы бір асырып отыр.
Ғарышкерлерге ақ жол тілеген Премьер-министрдің орынбасары қандасымыз Айдын Айымбетовке еліміздің көк байрағы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының және ЭКСПО-2017 көрмесінің туын да табыс етті. Енді Айдын осы рәміздерді ғарышқа өзімен бірге алып кетпек. Сонымен қатар, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай арнайы мерекелік медаль шығарылған еді. Елбасының арнайы Жарлығымен экипаж мүшелері аталған медальмен марапатталды.
Бұл Сергей Волковтың ғарышқа үшінші сапары. Дегенмен бұған дейін дәл мұндай қамқорлықты сезінбегенін айтады. Оған Айдын Айымбетовтің аспанға ұшқалы жатқаны себеп екенін де жеткізді. "Жерлестеріңіздің ғарышқа сапарын Қазақстан халқы мен басшылығы қалай жылы қабылдап, қуанып жатқанын сезініп отырмыз",– деді ол. Бұдан кейін сөз алған Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев экипаж мүшелеріне сәттілік тілеп, ойға алған жоспарларының орындалып, жерге белгіленген мерзімде қайтып келулеріне тілектес екендерін айтты. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қасиетті Сыр топырағы экипаж мүшелерін аман-сау күтіп алатынын мәлім етті.
– Сіздер ғарыш әлемін тағы бір мәрте бағындыруға аттанғалы отырсыздар. Мұның үлкен ерлік тұтас халық біліп отыр. Тіпті, әлгінде білім күніне орай өткен жиналыста бір мектеп оқушысы жаныма келіп: "Айдын ағаға аман-есен барып келсін, сапары оңынан болсын деп айтыңызшы", деді. Міне, бүкіл ел өзіңнің тілеуіңді тілеп отыр. Сәттілік серігің болсын, – деді Қырымбек Елеуұлы.
Өз кезегінде Айдын Айымбетов ел мен Елбасының сенімін толық ақтайтынын, мойнына жүктеліп отырған жауапкершілік үдесінен шығатынын мәлімдеді. Қазақстанның ғарыш әлемін зерттеуде алда ауқымды шаралар атқаратынына сенімді екенін айтты.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
БАЙҚОҢЫР.

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20