Солтүстікқазақстандықтар орақ науқанын ұйымшылдықпен аяқтап, ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Бұл туралы облыс басшысының бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров макарон өнімдерін шығаратын «Сұлтан» ЗММК акционерлік қоғамында БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
– 3,2 миллион гектар егістік алқаптарынан 5 миллион 425 мың тонна астық жиналып, орташа түсім 16,9 центнер болды. Жауапты науқанға 4 мыңға жуық серіктестік пен фермерлік шаруашылық белсене атсалысты. Жамбыл, Айыртау, Қызылжар, Есіл аудандарында шығымдылық 20 центнерден айналды. Отан қамбасына жөнелтілген алтын дәннің 40 пайыздан астамы 3-ші, қалғандары 4-5-ші сыныптарды құрайды. Ауа райының құбылмалы болғанын ескерсек, бұл – жақсы көрсеткіш. Келер жыл тұқыммен толық қамтамасыз етілді.
Мемлекеттің қуатты қолдауы арқасында бітік егін өскенін айта кеткім келеді. Биыл агроқұрылымдар 17,5 миллиард теңге мөлшерінде жеңілдікті демеуқаржы алды. Көктемгі-дала жұмыстарына 73 мың тонна арзандатылған дизель отыны алынып, әр литрі 84 теңгеден босатылды. Танаптарға 45 мың тонна минералдық тыңайтқыш сіңіріліп, 3 миллион гектар жер гербицидпен өңделді,–деді Айдарбек Сейпілұлы.
Ол журналистердің бидайдың сату бағасы қандай болмақ деген сауалына былай жауап берді. Бір тонна 3-ші сыныпты бидай бағасы 38-42 мың теңге төңірегінде. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының жергілікті филиалы 42 мың теңгеден сатып алуда. Бүгінде берілген несиенің үштен бірі қайтарылды. Бұл бағытта жұмыс жан-жақты жүргізіліп жатқандықтан, ешқандай проблема туындамауы тиіс.
Ол қазіргі кезеңде жаңа астықтың өнімдерін қабылдаумен сыйымдылығы 3,4 миллион тонналық 54 элеватор айналысатынын, бұдан тысқары агроқұрылымдарда сыйымдылығы 3,1 миллион тоннаны құрайтын қоймалар орналасқанын, экспортқа 2-2,5 миллион тоннадайы шығарылатынын жеткізді.
Бұдан кейін БАҚ өкілдері ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бой көтерген «Сұлтан» элеватор-диірмен-макарон фабрикасында кең өріс алған қызу еңбек барысымен танысты. Лаборатория меңгерушісі Анна Хламованың айтуынша, мұнда күніне 1500-1700 тонна ел ризығы қабылданып, 50-ге жуық макарон өнімдері дайындалады екен. Ол үшін астықтың ақуызы, құрғақтығы секілді сапалық қасиеттері қатты қадағаланады. Осында астық өткізуге келген «Новомихайловка-2003» ЖШС-нің директоры Геннадий Щеголев гектар берекелілігін 23,3 центнерге жеткізген қуанышын БАҚ өкілдерімен бөлісті. Ораққа 14 комбайн жұмылдырылып, қысқа мерзімде еңсеріп шығыпты.
Осылайша, астықты өлкенің диқан-механизаторлары берген серттен көрініп, абырой биігінен сүрінбей өтті.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026