07 Шілде, 2015

Ақ тілектер ағыны

558 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Akorda 01 Елбасының баспасөз қызметі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне байланыс­ты Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидың құт­тық­тауы туралы хабарлады. Н.Моди Қазақстанның қалыптасуы мен қарқынды дамуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығын атап өткен. «Үндістан екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға Сіздің ұдайы көрсетіп келе жатқан қолдауыңызды жоғары бағалайды», – делінген жеделхатта. Үндістан Премьер-министрі Қазақстан Президентімен Астанада өтетін алдағы кездесуді тағатсыздана тосуда екенін айтады. Соңында Н.Моди Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат және табыс тіледі. Елбасының баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баев­тың туған күніне байланыс­ты шетелдік мемлекеттер мен үкі­мет­тер басшыларының құт­тық­­таулары туралы хабарлады. Армения Президенті Серж Саргсян өз құттықтауында қазақ-армян ықпалдастығы екіжақты пішімде, сондай-ақ, халықаралық және өңірлік ұйымдар мен бір­лес­тіктер аясында Қазақстан-Ар­мения халықтарының достығы мен игілігі үшін  алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірген. С.Саргсян Мемлекет бас­шы­сына мықты денсаулық, ба­қуат­тылық және қызметіне табыс тіледі. * * * Чех Рес­пуб­ликасының Пре­зи­денті Ми­лош Земан өз құттық­тауында Қазақстан Президентімен соң­ғы жылдарда өткен кездесулер екі ел арасындағы достық қарым-қаты­настарды және ынты­мақ­тас­тықтың түрлі салаларында қалыптасқан берік байланыстарды айғақтайтынын айтқан. Сондай-ақ, Чехия Прези­ден­ті алдағы оқиғалар екі­жақ­ты өза­ра ықпалдастықты да­­мы­­ту мәселелерін талқылау үшін қосымша кездесулерге мүм­кін­дік тудыратынына сенім білдіреді. Соңында М.Земан Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық және жауапты қызметіне табыс тіледі. * * * Украина Президенті Петр Порошенко мемлекет құру жолында біздің елдің соңғы ондаған жылдарда қол жеткізген түрлі саладағы жетістіктері  Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Пре­зи­денті лауазымындағы көпқырлы қызметімен ажырағысыз байланысты екенін атап өткен. «Дәстүрлі Украина-Қазақстан  достық қарым-қатынасын те­реңдете түсуге бағытталған біз­дің сындарлы диалогымыздың бұ­дан әрі өрістеуі өзара тиімді және жан-жақты ынтымақтастықты Ук­раина мен Қазақстанның игі­лігі үшін жандандыра түсуге  септігін тигізетініне сенімдімін», – делінген жеделхатта. Соңында П.Порошенко Мем­лекет басшысына мықты денсау­лық, сарқылмас күш-қуат, жемісті мемлекеттік қызметіне жаңа табыс, ал достас Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тіледі. * * * Жапония Премьер-ми­нистрі Синдзо Абэ Нұрсұл­тан Назарбаевты туған күні­мен құттықтап, оның пәрмен­ді басшылығымен Қазақ­стан көптеген жылдар бойы өзінің халықаралық арена­дағы беделін арттырып келе жатқанын атап өткен. С.Абэ Мемлекет басшысына және Қа­зақ­­стан халқына игілік пен бақ-береке тіледі. * * * Монако Князі II Альбердің құттық­тау­ында екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі нығай­тудың маңыздылығы айтылған. «Миландағы көрмеде Қа­зақстанның ұлттық павильо­нында болу мені өте жақсы әсерге бөледі, Астанада өтетін ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрмесіне Мона­ко Князьдігінің қатысуын тағатсыз­дана күтіп жүрмін», – делінген құттықтауда. * * * Оман Сұлтаны Кабус бен Саид Нұрсұлтан Назарбаевты туған күні­мен құттықтап, оған бақыт және мықты денсаулық тіледі, сон­­­дай-ақ, достас Қазақстан хал­қы­ның одан әрі ілгерілеуі мен өсіп-өркендеуіне ниеттестігін біл­дірді. *** Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның туған күніне және Астана күніне байланысты келіп түскен құттықтаулар туралы хабарлады. Мемлекет басшысы атына Қазақстанның барлық өңірінен және шетелдерден құт­тықтау хаттары мен жеделхаттары әлі де келіп түсуде. Мәселен, ТМД Парламентаралық Ас­самблеясы Кеңесінің бас хатшысы А.Сергеев, сондай-ақ, ТМД ПАА Кеңе­сі бас хатшысының орынбасары – Қазақ­стан Республикасы Парламентінің ТМД ПАА және ҰҚШҰ Парламенттік Ассам­блеясындағы өкілі Х.Бакенов Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтап, оның өмірі өз еліне және халқына қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі екенін айтқан. «Әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамудағы елеулі табыс­тармен, халықаралық аренадағы елдің орнының нығаюымен айшықталған қазіргі Қазақстан тарихының тұтас дәуірі Сіздің есіміңізбен байланысты. Сіз әрдайым Достастық кеңістігіндегі интеграциялық үдерістердің дамуының, ТМД-ға мүше мемлекеттердің стратегиялық серіктестігі мен одақтастық өзара ықпалдастығының табанды жақтаушысы болдыңыз», – делінген хатта. Еуразиялық экономикалық комис­сияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Т.Мансұров Қазақстан халқы өзінің әл-ауқаты мен болашағын Көшбасшысының жемісті қызметімен байланыстыратынын атап өткен. «Сіздің пассионарлық ерік-жігеріңіз бен зор халықаралық беделіңіз мерейлі жеңісі Еуразиялық экономикалық одақ­тың құрылуы болған бүгінгі еуразиялық интеграцияның табысты дамуын қам­тамасыз етіп отыр. Қажымас қызметіңізге жаңа да жарқын жетістіктер, ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық, бақыт және бақуаттылық  тілеген шынайы тілегімізді қабыл алыңыз», – делінген хатта. Жылы лебізді құттықтауын Польшаның бұрынғы президенті А.Квасьневский де жолдап, Мемлекет басшысының туған күні мен Астана күнінің сәйкес келуі Қазақстанның жаңа тарихы мен табыстарының Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасымен ажырағысыз байланысын айшықтайтынын атап өткен. «Тәуелсіздік декларациясы, мем­лекеттіліктің нығаюы, жан-жақты эко­но­микалық даму, саяси және қоғамдық тұрақтылық Сіздің президенттігіңіздің фирмалық белгісі болып саналады. Күрделі халықаралық жағдайда, ұлттық сын-қатер және қауіпсіздік үшін қауіп көп кезеңде бұл дегеніңіз керемет жетістік. Еуропада және әлемде соңғы ширек ғасырда болған тарихи өзгерістердің деңгейі мен маңызын, сондай-ақ, ол өзгерістер үшін мүмкіндік пен жағдай туғызу ісіндегі Сіздің ерен еңбегіңізді түсінетін менің елімде және Еуропаның көп елінде мұны мойындайды», – делінген хатта. Польшаның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық, табыс тілеп, Қазақстанның барлық халқының өсіп-өркендеуі үшін бұдан әрі де белсенді бола беруіне ниеттестік білдірді. ГФР-дың бұрынғы Президенті Х.Кёллер де Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оған мықты денсаулық және Мемлекет басшысының ел игілігі үшін қабылдайтын барлық шешімдеріне даналық тіледі. Нұрсұлтан Назарбаевқа және барша Қазақстан халқына өзінің ең ізгі тілектерін Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі Т.Блэр жолдады. Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының басшысы Р.Хамитовтың құттықтауында мемлекеттік қызметтегі орасан мол тәжірибесі, басқарушылық дарыны және халықтың игілігі жолындағы жұмысы Қазақстан Президентін лайықты бедел мен сый-құрметке бөлегенін айтады. «Сіз елдеріміз бен өңірлеріміздің стра­тегиялық серіктестігінің дамуына зор үлес қосып келесіз. Қазақстан мен Баш­құртстанның көпқырлы ынты­мақ­тастығы, халықтарымыз арасындағы байырғы достық қарым-қатынас алда да қарқынды жалғаса беретініне сенімдімін. Сізге шын жүректен мықты денсаулық, белсенді және ұзақ ғұмыр тілеймін, Қазақстан халқының игілігі үшін барлық жоспарларыңыз бен бастамаларыңыздың табысты жүзеге асуына тілектеспін», – деп жазады автор. Ресей Федерациясы Пенза облысы губер­наторының міндетін атқарушы И.Бе­ло­зерцев Мемлекет басшысының жемісті жұмысы Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі екенін айтады. «Сізге тән жоғары кәсіпқойлық, терең білім, керемет ұйымдастырушылық дарын, бай саяси тәжірибе республиканың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін қар­қынды дамытуға, азаматтарының әл-ауқатын арттыруға септігін тигізіп келеді. Сізге мықты денсаулық, бақуаттылық, бақыт, барлық ісіңіз бен бастамаларыңызға жаңа табыс тілеймін», – делінген құт­тық­тауда. ТМД-ның Экономикалық даму іскерлік орталығының бас директоры В.Савченко Нұрсұлтан Назарбаевтың ғаламат өмірлік тәжірибесі мен даналығы егемен мемлекет құрып, Қазақстанды XXI ғасырда өсіп-өркендеу жолына батыл бастауға мүмкіндік бергенін айтқан. «Сіз істеген ісіңіздің барлығында кемелдікке ұмтыласыз. Сіздің бойыңыз Ұлы даланы әлемдік дамудың қуатты орталығына айналдырып келе жатқан энергияға толы», – деп жазады автор. АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Д.Крол Астананың қалыптасуы мен дамуы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген және сындарлы саясатының, елдің игілігі жолындағы қызметінің нәтижесі екенін атап өткен. Қазақстанның Сербиядағы құрметті консулы М.Карич Нұрсұлтан Назарбаев өзінің нағыз патриотизмі, шебер басшылығы арқылы Қазақстанның мемлекеттілігі мен халқының тарихында елеулі із қалдырғанына тоқталып өткен. «Президент лауазымындағы қызметіңіз бен соңғы сайлаудағы айқын жеңісіңіз халықтың Сізді қаншалықты жақсы көретінін және Сізге қаншалықты сенетінін айғақтайды», – делінген жеделхатта. М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дің қазақстандық филиалының директоры А.Сидорович бүкіл ұжымның атынан Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт тіледі және жаңа идеяларының жүзеге асуына ниеттестік білдірді. «Сіздің көрнекті қызметіңізді бүкіл әлем мойындайды, Ресей мен Қазақстан халқы жоғары бағалайды. Сіздің есіміңіз бен ісіңізге Мәскеу университетінің ұжымы ерекше құрметпен қарайды. ММУ-дің қазақстандық филиалына зор мәртебе бұйырды – ол Сіздің бастамаңызбен құрылды және үнемі қамқорлығыңызды сезініп келеді. ММУ-дің қазақстандық филиалының ұжымы және түлектері арқылы Сіздің игі істеріңіз бен әрекеттеріңіз елдің өсіп-өркендеу үшін еселене түсетініне және Сіздің асқақ мұраттарыңыздың орындалуына қызмет ететініне сенуіңізге болады», – деп жазады автор. Өзбекстанның Қазақ ұлттық мәдени орталығының өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен біздің елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуына тоқталып өтіпті. Авторлар, сондай-ақ, қуатты экономика құру үшін жағдай жасауға, мемлекетті одан әрі дамытуға бағытталған «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығына да назар аударған. Жылы лебізді тілектер балғын мектеп оқушыларынан – Павлодар облысынан Т.Солтанғазыдан, Астана қаласынан А.Ахметовадан, Ақтөбе қаласынан Н.Нұрғалиев пен Н.Нұрғалидан, Жамбыл облысынан Н.Амангелдіден келіп түсті. Мемлекет басшысын өлең жолдарымен Астана қаласынан А.Мұқибек пен Г.Шишов құттықтады. Өз құттықтауларын Астана қаласынан Б.Шалабаева, Б.Жұмағұлов, 1-ші сыныпты ұшқыш-инженер Н.Ақмұқанов, Р.Шырдабаев, Шымкент қаласынан О.Көшекбаев, сондай-ақ, Көкшетау қаласынан бір топ азамат жолдап, Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақ-береке және табыс тіледі. Мемлекет басшысы атына хаттар мен жеделхаттар әлі де келіп түсіп жатыр.