ТАРАЗ. 2 қыркүйек. Жамбыл облысы Меркі ауданы орталығындағы №39 орта мектеп-гимназиясына белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеевтің есімі берілді. Бұл күні білім ордасына ғалымның ескерткіші қойылып, мектеп ішінен Темірбек Қожакеев атындағы музей де ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қазақ журналистикасы мен сатирасының теориясын, тарихын зерттеген белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз Темірбек Қожакеевтің еліне сіңірген еңбегі зор. Ол ұзақ жылдар бойы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін басқарып, мыңдаған шәкірттер тәрбиеледі. Бүгінде қазақ журналистикасында ұстаздың азаматтығы мен қайраткерлігі, туралығы мен еңбексүйгіштігі аңыз болып айтылады. Содан болар бұл іс-шараға Алматы мен Астанадан, өзге де аймақтардан белгілі ғалым-жазушылар, сатириктер мен республикалық басылымдардың редакторлары, өзге де шәкірттері мен әріптес-достары келді. Олар Темірбек Қожакеевке өзінің туған жерінде мұндай құрмет көрсету игілікті іс екенін атап өтті. Ұлағатты ұстаз жайындағы естеліктерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.
Ескерткіш пен музей ашу ісіне мұрындық болған Темірбек ағаның ұлы Мәдет Қожакеев музей ішін талғампаздықпен жасақтап, ғалымның еңбектері мен суреттерін, орден, медальдары тәрізді жәдігерлерді қойыпты.
«Музейге әкеміздің жеке заттарынан гөрі, естелік, танымдық-тағылымдық дүниелерін қоюды жөн көрдік. Өзінің еңбектерін, кітаптарын, әр кездердегі алған орден, медальдарын, кандидат, докторлықты қорғағандағы, профессор атағын алғандағы құжаттарын, өзге де осындай дүниелерді қойдық. Мүсінді елімізге белгілі мүсінші – Тілеуберді Бинашев жасады. Әкеміздің есімін иеленген бұл мектеп-гимназия еліміздегі алдыңғы қатарлы мектептердің бірі болады деп ойлаймын. Бұған бәріміз де атсалысуымыз керек», – дейді Мәдет Қожакеев.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 02 Қыркүйек, 2015
Жамбыл облысында Темірбек Қожакеевке ескерткіш қойылды

Руханият • Бүгін, 08:10
Дүкен Мәсімханұлы: Шығыстану ғылымының стратегиялық маңызы зор
Сұхбат • Бүгін, 08:07
Ғылым • Бүгін, 08:05
Ғылым • Бүгін, 08:02
Абай облысының әлеуеті: Олжас Бектенов Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді
Саясат • Бүгін, 08:00
Материалдық емес мәдени мұраны сақтаудың жаңа тәсілдері
Саясат • Бүгін, 07:58
Саясат • Бүгін, 07:55
Күрделі миссия – лайықты марапат
Марапат • Бүгін, 07:53
Жасыл энергетика саласындағы ықпалдастық артады
Сенат • Бүгін, 07:50
Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады
Елорда • Кеше
Ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?
Ауа райы • Кеше