Қырғызстанда өткен дүрбелең жағдай өзімізге белгілі. Сол дүрбелеңнің салдарынан елдегі бейбіт халық, соның ішінде қорғансыз балалар біраз зардап шекті. Осыған орай Қазақстан қақтығыста теперіш тартқан балалардың бір тобын тынықтырып қайтару жөнінде бастама көтерген болатын. Бұл бастама өзге елдер тарапынан да кеңінен қолдау тапты.
Жақында Білім және ғылым министрлігі осы бастаманы бірінші болып қолдап, жүзеге асырды. Соның арқасында Қырғызстанның Ош және Жалалабад қалаларында тұратын 50 бала шілденің 25-інде Жамбыл облысының Жуалы жеріне келіп жетті. Келген бойда Қаратаудың бір мүйісіндегі табиғаты тамаша “Самал” тынығу лагеріне орналасқан олар бірден жан-жақты қамқорлыққа алынды. Жастары 7-ден 15-ке дейінгі аралықтағы бұл балдырғандар мұнда тынығумен бірге, үш мезгіл тамақтанады, ертелі-кеш психолог-дәрігерлердің бақылауында болады.
Қырғызстандық бүлдіршіндер мұнда 12 күн болады.
“Егемен-ақпарат”.
• 31 Шілде, 2010
Қырғыз бүлдіршіндері “Самал” лагерінде тынығып жатыр

Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті
Ата заң • Бүгін, 16:41
2026 жылы 20-дан астам мұнай-газ учаскесі сатылымға шығады
Экономика • Бүгін, 16:22
Елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылайтын онлайн-карта іске қосылды
Медицина • Бүгін, 16:17
Мектептерде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиындар саны қысқарады
Мектеп • Бүгін, 16:08
Алматыда жаңа Конституцияның мәні мен референдум алдындағы міндеттер талқыланды
Саясат • Бүгін, 15:55
Түркістан облысының өкілі Жапониядағы ХХ Азия ойындарында төрелік етеді
Спорт • Бүгін, 15:52
Жалған диагноз рәсімдеу: Әскерден жалтарғандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 15:38
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Қоғам • Бүгін, 15:28
Маңғыстауда жаңа Конституцияның негізгі бағыттары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 15:18
Әрбір оныншы сынамадан ауытқу анықталды: Алматыда ауа сапасы нашарлап бара ма?
Экология • Бүгін, 15:03
Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді
Әлем • Бүгін, 15:00
Bloomberg-тен CNN-ге дейін: Әлемдік БАҚ Алматыны үздік 25 қаланың қатарына қосты
Туризм • Бүгін, 14:54
«ҚазМұнайГаз» компаниясы геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойды
Президент • Бүгін, 14:33