04 Тамыз, 2010

Жаңа портал ашылды

473 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Туризм және спорт министрлігіндегі Индустрия және туризм комитетінің өкілдері vіsіtkazakhstan.kz ресми туристік порталының тұсауын кесті. Бұл сайтта еліміздің туристік имиджін нығайту мен туризм саласы бойынша дайындалған тауарлардың үгіт-насихаты жүзеге асатын болады. Егемен елімізді жа­ңа туристік бағыттағы ел ре­тінде танытатын портал барша ха­лық­аралық талаптарға сай даяр­­лан­ған. Оны әзірлеу жұмыстары аталмыш саладағы көптеген са­рап­шылар мен мамандардың және сол сала туралы жазып жүрген жур­налистердің қатысуымен бір жылдан аса уақытқа созылған. Порталдың басты мақсаты – Қа­зақ елін әлемге өзінің теңдесі жоқ туристік мүмкіндіктері бар жұрт ретінде таныту. – Порталда Қазақстанның ин­тер­­активті туристік картасы енгізіл­ген. Оның көмегімен ұлан-байтақ елі­міздің барлық өңірлеріне вир­ту­ал­­ды саяхат жасауға болады. Дәлі­рек айтсақ, сіз осы карта арқылы ай­мақ­тардың қонақтарға арналған орындары мен суреттерін, виде­о­ро­ликтер, мақалалар және жаңа­лық­тар, өңір жөнінде толық ақпа­раттар мен мәліметтерді біле ала­сыздар. Портал оны қызықтау­шы­лар үшін тек танымдық және ақпа­рат беретін құрал ғана емес, ол ар­қылы мейманханалар мен мейрам­ха­наларға, сондай-ақ көлікке билетке тапсырыс беруге болады. Енді еліміздің қандайда бір ай­мағына саяхат жасауға ниет біл­дірген азаматтар үйінен шықпас­тан ғаламтор арқылы кез келген туристік қызмет түрін таңдап, оған онлайн брондау арқылы тапсырыс бере алады, – дейді жобаның же­текшісі Б.Қанафин. Жаңа тұсауы кесілген портал vіsіtkazakhstan.kz нарық сұраныс­тарын толық қанағаттандыру, әлеуетті туристердің ғаламтор же­лісі арқылы алдын-ала тапсырыс беру қызметінің ерекшеліктерін пайдалануы, кең ауқымды көлем­дегі пайдалы ақпаратқа қол жет­кізу, хат алмасу мен қызмет көр­сету ақысын төлеу және басқа да мақсаттар үшін құрылған. Жандос МЕДИМАНОВ.