Қазіргі уақытта бүкіл қырғыз қауымындағы үлкен әңгіме – елге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақ ұйымының (ЕҚЫҰ) кеңесші полициялық тобын кіргізбеу жөнінде республиканың әр жерінде оған қарсы акциялар өткізіліп жатыр. Ош қаласының кеңесінде депутаттар бұл топты қалаға кіргізбеу жөнінде шешім қабылдапты. “Қырғызстан халқы сыртқы күштерге қарсы” деген халықтық қозғалыс құрылған. Әсіресе, оған мүше болған жастар ұйымдары айрықша белсенділік көрсетіп отыр.
Бұл мәселеге байланысты уақытша президент Роза Отунбаеваның өзі Ошқа келіп, жастармен кездесу өткізіп, елдің оңтүстігіне ЕҚЫҰ полиция тобын енгізудің қажеттігін айтқанмен, оған құлақ асқан жұрт болмады. Жастар ұйымының жетекшісі Қоңырбек Жүнісбеков президентке шетел полициясынан бас тартуды талап ретінде мәлімдеген. Бұл талап орындалмаған күнде қарсылық акциясы жалғастырылмақ.
“Қырғыз халқы сыртқы күштерге қарсы” қозғалысының бір көсемі Мәулен Асқарбековтың пікірінше, Ошқа ЕҚЫҰ полиция тобын кіргізу жағдайды ушықтыра түседі, елді екіге бөлуі мүмкін. Қозғалыс көсемі өздерін халық қолдайтынын айтады. Ал “ел президенті Роза Отунбаева халықтың сөзіне құлақ аспаса, біз төтенше әрекеттерге барамыз”, деп қорқытады ол. Бұл әрекеттің бірі – стратегиялық жолдарға тосқауыл қою екен. Алдымен оны Бішкекте өткізіп, онан соң облыс орталықтары – Ош, Нарын, Қарақол және Таласта өткізбек.
Енді сол “елді екі бөлуі мүмкін” ЕҚЫҰ-ның полициялық тобына келейікші. Бұл өзі жағдайды жақсартар деген ниеттен туған ұсыныс. Жалпы халықаралық үрдісте кең қолданылатын қадам. Елді бөледі деген күдіктің бір түйір де негізі жоқ. Бұл жерде ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбоның сөзіне жүгінген жөн болар. Оның айтуынша, бұл топқа “жағдайға араласу мандаты берілмеген”. “Оның мүшелері ешкімді де ұстап, тұтқындай алмайды, қылмысты ашумен де айналыспайды”. Бұл топтан зиян болмасы анық.
Ал қазір күйзелген елдегі саяси ойынға белсенді қатысып жүргендердің көздегені – лай судан балық аулау. Оларға әсте де ел тыныштығы, халық өмірінің қалыпқа түсуі керек емес. Тіпті, олар күні кеше халық болып сайлаған президент Роза Отунбаеваның өтініш-ұсыныстарын да тыңдағысы келмейді, өздерінің тар мүдделерінен туындаған ұшқары ойларын жүзеге асыруды бәрінен жоғары қояды.
Ең қиыны – елдегі қазіргі күнде қалыптасқан биліктің әлсіздігі, ондағы ауызбірліктің жоқтығы. Қабылдаған шешім орындалмай жататын болса, биліктің бір тармағы екіншісін мойындамаса, мұндай жерде береке болмайтыны белгілі. Осы ретте жақында жұртқа жария етілген Ош қаласының әкімі Мэлис Мырзахматовтың ел президенті Р.Отунбаеваға шарт қоюы елдегі жағдайдың сипатын аңғартады. Ол өзін ешкім орнынан ала алмайтынын, ондай әрекет болса, халықты құрылтайға шақыратынын айтады.
Бұл жерде сол саяз шенеунікке президентті бүкіл ел халқы сайлағанын, ел конституциясы оған үлкен өкілеттік беретінін түсіндіріп жату артық. Өйткені, елде қалыптасқан жағдай оған осындай жетесіз мәлімдеме жасауға мүмкіндік береді. Ал президент оны орнына қоя алмаса, одан да қадір-қасиеттің, беделдің кеткені. Бұл – ел қасіреті.
Ағайын елдегі жағдайға көрші елдер ғана емес, бүкіл әлем алаңдап отыр. Халықаралық демеушілер бұл елге 1,1 миллиард доллар қаржы да бөлмек. Үлкен қолдау. Биліктегі берекесіздік, елді елірткен арандатушылық соның бәрін желге ұшыра ма деген күдік көңілді күпті етеді.
Мамадияр ЖАҚЫП.

Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті
Ата заң • Бүгін, 16:41
2026 жылы 20-дан астам мұнай-газ учаскесі сатылымға шығады
Экономика • Бүгін, 16:22
Елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылайтын онлайн-карта іске қосылды
Медицина • Бүгін, 16:17
Мектептерде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиындар саны қысқарады
Мектеп • Бүгін, 16:08
Алматыда жаңа Конституцияның мәні мен референдум алдындағы міндеттер талқыланды
Саясат • Бүгін, 15:55
Түркістан облысының өкілі Жапониядағы ХХ Азия ойындарында төрелік етеді
Спорт • Бүгін, 15:52
Жалған диагноз рәсімдеу: Әскерден жалтарғандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 15:38
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Қоғам • Бүгін, 15:28
Маңғыстауда жаңа Конституцияның негізгі бағыттары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 15:18
Әрбір оныншы сынамадан ауытқу анықталды: Алматыда ауа сапасы нашарлап бара ма?
Экология • Бүгін, 15:03
Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді
Әлем • Бүгін, 15:00
Bloomberg-тен CNN-ге дейін: Әлемдік БАҚ Алматыны үздік 25 қаланың қатарына қосты
Туризм • Бүгін, 14:54
«ҚазМұнайГаз» компаниясы геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойды
Президент • Бүгін, 14:33