2010 жылғы 4 тамыз Астана, Үкімет үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 531 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. “2010 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 531 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2010 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:
“2 “Алматы 8 137 700 2009- 5 400 000 “Алматы электр көлігі”
қаласының электр 2012 коммуналдық мемлекеттік
көлігін дамыту” кәсіпорны
жобасын іске асыру ”.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.