01 Қыркүйек, 2010

Алаңда — прокуратура қызметкерлері

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласындағы Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына орай ҚР Бас Прокурорының кубогына арналған прокуратура органдары командалары арасында мини-футбол бойынша қорытынды ойындар болып өтті. Чемпионат республиканың бес өңірінде шілде айының соңында басталды, алдын-ала өткізілген матчтар Астана, Тараз, Көкшетау, Ақтөбе және Өскемен қалаларында болды. Қорытынды матчқа өңірлік топтардың жеңімпаздары – Бас прокуратура, Бас әскери прокуратура, Алматы қаласы және Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Алматы облыстары прокуратураларының командалары қатысты. Чемпионаттың салтанатты жабылу рәсімінде Бас Прокурор жеңімпаз атанған Бас прокуратураның командасына кубок табыс етті. Екінші орынды Қарағанды облысының коман­дасы иеленсе, үшінші орынға Алматы қаласының прокуратурасы шықты. Шеберліктерімен көзге түскендердің арасында “Үздік шабуылшы” номинациясын Жамбыл об­лысының Қордай ауданы прокуратурасынан келген Жа­нат Сейдалиев иеленді, ал Атырау облысы ко­мандасының ойыншысы Ержан Ералиев үздік қор­ғау­шы деп танылса, Қарағанды облысы прокурату­расының басқарма бастығы Камал Абеуп үздік қақпашы атанды. Спортшыларды құттықтаған Бас Прокурор Ел­басының саламатты өмір салтын насихаттау жөніндегі бастамасы прокуратура органдарында белсенді қолдау тауып отырғанын атап өтті және келешекте осы игі дәстүрдің жалғасын табуына тілектестігін білдірді, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.