02 Қыркүйек, 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 821

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2010 жылғы 18 тамыз  Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) “Сауда ережелерін бұзғаны және тұтынушылардың құқықтарына қысым жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы” Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 ақпандағы № 152 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 5, 63-құжат); 2) “Бөлшек сауда кәсіпорындарында алмастыруға жатпайтын азық-түлік емес тауарлар тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 29 қыркүйектегі № 960 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 40, 464-құжат); 3) “Қазақстан Республикасындағы Тәуелсіз тұтыну сараптамасы туралы” үлгілік ережені 24 мамырдағы № 639 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 24, 201-құжат). 2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.