02 Қыркүйек, 2010

Азамат құқықтарын қорғау жайымен танысты

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астана қаласында ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Кëрбер атындағы германдық қордың өкілдерімен кездесті. Бұл Қор Бундестаг аппараты мен оның фракция­ларында, Фе­дералды Канцлердің ведомствосында, федералды сыртқы іс­тер мен қорғаныс министрліктерінде, бірқатар елшіліктерде жұ­мыс істейтін және Германия мен Еуропаның сыртқы сая­са­ты мәселелерінде мамандандырылған жас саясаткерлерді біріктірді. Қазақстандық Омбудсмен қонақтарды Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі жұмысының ерекшеліктерімен, ша­ғымдардың қаралу тәртібімен, халықаралық құқық қорғаушы конвенциялар мен келісім-шарттар іске асырылғанда  мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесудің тәжірибесімен, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету саласында мемлекет қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып өтті. Республиканың демократия бағытын ұстануы және ЕҚЫҰ-да қазіргі төрағалық ету мәтінінде адам құқықтарын қорғау саласында өткізіліп жатқан іс-шаралардың маңыздылығы жөнінде ортақ пікір білдірілді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл  аппаратының баспасөз қызметі.