02 Қыркүйек, 2010

Каспий-арал аймағының тарихи мұралары

628 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтауда өткен ІІ  Халықаралық ғы­лыми-тәжірибелік конференцияның басты тақырыбы болып, аймақтағы та­рихи-мәдени мұраларды сақтап қалу және пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды. Ақтау қаласында араға үш жыл салып екінші рет өткен бұл алқалы бас­қосуға АҚШ-тың, Ресей, Әзір­байжан, Иран, Өзбекстан, Түркі­мен­стан ел­дері­нің көрнекті ғалымдары, тарихшылар, этнология, мәдениеттану, археология және социология сала­сы­ның зерттеуші­ле­рі, тарихи-мәдени мұ­раларды қорғау және пайдалану са­ла­сының белгілі ма­мандары, ғылыми-зерт­теу орталықтары­ның қызмет­кер­ле­рі қатысты. Маңғыстау облысының әкі­мі Қ.Көшербаев “бұл конферен­ция­ның еліміздегі тарихи-мәдени ес­керт­кіштердің үштен екісін еншілейтін, аспан астындағы мұражай атанған аймақта өтуі біз үшін өте маңызды”, деп осынау игілікті іске  іргелі мем­лекеттердің ғалымдарының, осы сала мамандарының атсалысып, бірлесе жұмыс жасауы құптарлық жағдай екендігіне тоқталды. Одан кейін Ш.Уә­лиханов атындағы тарих және этнология институты директорының орынбасары Қ.Ерімбетова, Ресей Ғылым академия­сының тарих инсти­ту­тының бөлім бастығы, профессор В.Трепавлов, АҚШ Индиана универ­си­тетінің профессоры Ди Уис Девин, Өзбекстан Ғылым ака­де­миясы Қа­ра­қал­пақ бөлімінің тарих, археология және этнография институ­тының ди­ректоры В.Ягодин, тарих ғылым­дары­ның докторы Ө.Озғамбаев, тағы да басқа ондаған ғалымдар тартымды баяндамалар жасап, ой-пікір бөлісті. Конференцияға қатысушылар келесі күні көшпелі семинар өткізді. Жоламан БОЛАШАҚ, Маңғыстау облысы.