02 Қыркүйек, 2010

Елбасы қабылдады

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті, Ұлттық Банк төрағасы Григорий Марченконы және “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Президент ағымдағы жылдың 31 тамызында Қаржы нарығы мен қаржы ұйым­дарын реттеу және қадағалау жө­нін­дегі агенттік басқармасында “БТА Банк” АҚ-ты қайта құры­лымдау жоспары бекітілгені туралы хабардар болды. Президент бәріне атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтты және мем­лекет дұрыс стратегияның нәти­жесінде еліміздің банк жүйесін тұрақ­тандырғанын атап өтті, ол  бүгінде қалыпты режімде жұмыс істеуде. Журналистерге арналған бри­финг­те Ұлттық Банк төрағасы Гри­горий Марченко бұдан бұрын, ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағ­дай бойынша – “Альянс-банктің”, ал ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша “Темірбанктің” қарыздарын қайта құрылымдау аяқталғанын атап өтті. Осылайша, барлық үш банк өткен жылы көктемде бастаған қайта құрылымдау үдерісін табысты аяқтады. Жалпы жиынтығында 11 миллиард долларға жуық қарыз есептен шығарылды. Қарыздың қалған бөлігі қайта құрылымдалды – ішінара облигацияға, ішінара осы банктер акциясына конвер­сияланды. Аталған үш банктің сыртқы кредиторларына сындарлы ұстанымдары үшін алғыс айтуымыз керек. Ең бастысы, тұтастай алғанда сыртқы қарыз мәселесі реттелді, – деді Г.Марченко.