03 Қыркүйек, 2010

Маңғыстау – Мәскеу: білім биігіне бірлесе шығады

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы жақында ғана өн­ді­рісті  өңірге жұмыс сапары кезінде атбасын тіреп, ізденістері мен іргелі істеріне оң баға берген Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде есте қаларлық ерекше оқиға болды. Ақтауға Ресейдің әлемге әйгілі жоғары оқу орны – М.Ломо­носов атындағы Мәскеу мем­лекеттік университетінің ректоры, академик В.Садовничий келді. Ол өңірдегі бірден-бір халықаралық университет бола бастаған оқу орнында ұстаздармен, студент­термен әңгімелесіп, универ­ситет ректоры Ә.Әбжаппаровпен өз­ара байланыстар жөніндегі келісім-шартқа қол қойды. Онда жас оқу ор­нында профессорлық-оқыту­шылық құрамды қалыптастыру, ғылымды дамыту, білім берудің заманауи технологияларын енгізу, Мәскеу университетінде өтетін халықаралық форумдарға қатысу жұмыстарына  мүмкіндік жасала­тындығы көрсетіл­ген. Сондай-ақ, осынау ынтымақ­тастық аясында мұнайлы өңірдегі дарынды ба­лаларға да қолдау мен қамқорлық көрсетілетіндігі көңілге қонады. Жоламан БОШАЛАҚ, Ақтау.