03 Қыркүйек, 2010

БАҚ өкілдеріне арналған шеберлік сыныбы

566 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жуырда “Нұр Отан” ХДП Партиялық бақылау комитеті мен Қазақстанның “Бас редакторлар клубы” бірігіп, БАҚ басшылары мен журналистеріне арналған шеберлік-сынып ұйымдастырды. Оған масс-медиа саласындағы шетел сарапшылары, Қазақстандағы Литва елшілігінің өкілі Антанас Петраускас, сонымен қатар, “Бас редакторлар клубының” басшылығы қатысты. “Нұр Отан” ХДП “Бас ре­дак­тор­лар клубы” қоғамдық бірлес­ті­гі­мен ынтымақтастық туралы ме­морандум аясында өткен шебер-сыныптың мақсаты – БАҚ-тарда туындайтын мәселелердің алдын алып, шетелдік БАҚ өкілдерімен тәжірибе алмасу. Қоғамдық са­на­ның қалыптасуында БАҚ-тардың ерекше рөлін ескере отырып, ақпа­рат таратудағы ұстанымдар мен өзін­дік қағидаларына жіті тоқталған бұл кездесудің маңызы зор болды. Шеберлік-сыныпты Литва Жур­налистер одағының төрағасы, Ке­ңес­тік Литва радиосы және теле­ви­зия, Ұлттық шығармашыл журна­лис­тер қауымдастығының төрағасы Дайнюс Радзяичус өткізді. Айта кетейік, Литвадағы ақпарат еркін­дігі мен БАҚ дамуы қарқыны ерек­ше. Басты себеп – онда мемлекет­тік бұқаралық ақпарат құралдары­ның жоқтығы. Кездесу барысында Литвадағы ақпарат таратудың жол­да­ры, оған кедергі болатын себеп­тер мен алдын алу шаралары кеңінен сөз болды. Шебер-сыныпқа қатысушылар мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың өзара іс-әрекет ету тетіктері туралы тәжірибе алмасты. Ұзақ уақыт бойы Литва Әділет министр­лігі қоғаммен байланыс департа­менті­нің директоры, сот депар­та­ментінің баспасөз хатшысы, Литва үкіметі кеңесінің жанындағы қо­ғам­мен байланыс жөніндегі кон­суль­танты болып жұмыс істеген Дайнюс Радзяичус өзінің журна­листік қызметіндегі тәжірибесі жайлы да айтып өтті. БАҚ өкілдерінің назарына қа­зіргі кезеңдегі саяси коммуни­ка­циялар, ақпараттық қауіпсіздік, журналистік этика және басқа да тақырыптарға талдау ақпараттары ұсынылды. Сондай-ақ, демократия негіздерінің бірі – сөз бостан­ды­ғын жүзеге асыруда БАҚ кәсіби ісін арттырудың тәжірибесімен қатар, тек журналистік емес, адам­гершілік қағидалардың қарапайым этикалары да қарастырылды. Жұлдыз БАЙДІЛДА, ЕҰУ суденті.