03 Қыркүйек, 2010

Ықпалдастыққа сенім білдірілді

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қытай Коммунистік Пар­тия­сы Орталық Комитеті Саяси бю­ро­сының мүшесі, ҚКП ОК хатшысы Лю Юньшань бастаған Қытай Халық Республикасы делегациясымен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кездесуде екіжақты сауда-эконо­ми­калық және шекара бойы қызмет­тес­тігін, сондай-ақ Қазақстан мен ҚХР арасындағы өңірлік іс-қимыл­дарды одан әрі тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасылды. Тараптар Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Нұрсұлтан На­зарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзи­нь­тао арасында қол жеткізілген Қа­зақстан-Қытай стратегиялық әріп­тес­тігін одан әрі нығайту жөніндегі уағдаластықтың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.