03 Қыркүйек, 2010

Қазгидромет ескертеді

470 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
3 қыркүйекте Қазақ­стан­ның бүкіл аумағы анти­ци­клон ықпалында болып, күн жауын-шашынсыз, ала бұлт­ты болады. Түн мез­гі­лінде солтүстіктің кейбір жерлерінде температура күрт төмендейді. Ақмола, Жамбыл, Батыс Қа­зақстан, Қарағанды облыс­та­ры­ның, түнгілік Алматы, Ақтө­бе облыстарының кей жер­ле­рінде желдің жылдамдығы се­көнтіне 15-23 метрге дейін жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Аты­рау және Қызылорда облыс­тарының кей жерлерінде шаң­ды боран көтері­ліп, желдің жылдамдығы секөнті­не 15-23 метрге жетеді. Ақмола, Пав­лодар, Қарағанды облыстары­ның кей жерлерінде түнде ауа температурасы 0-2 градусқа төмен­деп, Солтүстік Қазақстан облы­сында түнде тұман тұрып, тем­пература 0-2 градус болады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары мен Ақ­тө­бе облысының кей жерле­рінде қат­ты ыстық болады деп кү­тілуде. Қазақстанның оңтүстігі мен орталығында, батыс өңірінің кей жерлерінде, шығыс пен оңтүстік-шығыста өте жоғары өрт қаупі сақталады. Таяу тәуліктерде оңтүстіктің таулы өзендерінде, республи­ка­ның оңтүстік шығысы мен шы­ғы­сында су деңгейінде өз­ге­рістер орын алады. Іле  өзе­нінде Қап­шағай су қоймасына құйылатын су ағысының бәсеңдеуі байқа­латын болады.